Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

АҚШ доллары қатты арзандамайды, бірақ теңге өседі

333

Бұған геосаяси фактор — Таяу Шығыстағы оқиғалардың эскалациясы — алдымен “Әл-Кудс” арнайы бөлімшесінің қолбасшысы, генерал Касем Сулейманидің өлімі, содан кейін Иран қарулы күштерінің Ирактағы америкалық авиабазаларға шабуыл жасауы әсер етті.

Мұның бәрі неге әкеледі?

Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының басқарушы директоры Олжас Төлеуовтың айтуынша, бұл аймақтағы шиеленіс

мұнай баға белгісі үшін барреліне 5-10 АҚШ доллары мөлшерінде “сыйақы” рөлін одан әрі атқаратын болады,

сондай-ақ қорғаушы активтер — алтын және басқа да қымбат металдар, Израиль шекелі, Швейцария франкі, Жапон йенасы және новозеланд доллары үшін де оң шешілуі мүмкін.

— АҚШ пен Иран арасындағы екі жақты саяси риториканың одан әрі шиеленісуі кезінде, сондай-ақ Парсы шығанағынан әлемдік мұнай экспортының үштен бір бөлігі тасымалданатын Ормуз шығанағын бұғаттау жөніндегі қауіп-қатерді ескерсек,

мұнай бағасы мен қорғаушы активтер айтарлықтай көтеріледі,

— деп санайды ол.

Қазақстан экономикасына әсері

Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы оқиғалар мұнай бағасының өсуіне және алтын құнының өсуі аясында Ұлттық банк резервтерінің өсуіне байланысты қазақстандық бюджеттің кіріс бөлігіне оң әсер етуі мүмкін.

— Бұдан өзге, теңге бағамының қазіргі түзілу жағдайына байланысты ол доллар-рубль бағамымен салыстырғанда мұнай бағасының өсуіне әлсіз әсер етуі мүмкін,

біз рубль-теңге жұбының баға белгіленімдерінің одан әрі өсуін көре аламыз, бұл Ресейден импорттық тауарлардың бағасын қымбаттатуға септігін тигізетін проинфляциялық фактор болады,

— деп атап өтті Төлеуов.

Аяқталатын кезең

Өз кезегінде, экономист Ерлан Ибрагим мұнай бағасының қымбаттауы теңгенің қысымын төмендетеді және оны біршама тұрақтандырады деп есептейді.

— Бәлкім біздің валюта аздап нығая түсетін шығар. Менің ойымша, 1-2 теңгеге әбден мүмкін

Мұнай бағасы одан әрі жаһандық өседі деп болжамаймын. Бұл үшін экономикалық себептер жоқ, тек геосаясат ғана, — деп атап өтті Ибрагим.

Экономист Әсет Наурызбаевтың пікірінше, Таяу Шығыстағы осындай күрделі саяси жағдай бір сәтте шешілуі екіталай. Бұл дегеніміз, мұнай бағасы көтерілетін болады, ал қазақстандық мұнай компаниялары үстеме табыс табатын болады.

— Нәтижесінде біз біраз уақыт теңге бағамы тұрақты кезеңде өмір сүретін боламыз. Бірақ

көмірсулар қымбаттауын тоқтатқан кезде, біз қайтадан теңгенің құлдырауына куә боламыз

Өйткені біздің экономика бәсекеге қабілетсіз. Сондықтан мықтырақ валютаға қатысты девальвацияға ұшыраудан басқа, ұлттық валютамыздың амалы жоқ, — деп есептейді Наурызбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз