Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“АҚШ бәрін біледі”. Назарбаев пен Трамп кездесуі туралы экономистер не дейді?

233

Кеден одағына кіргенде Ресейдің 1 рублі 4,5 теңге болды. Ал қазір 6 теңгеге өсіп кетті. Күшейіп жатыр ма, күшейіп жатыр. Ал біздікі, керісінше, құнсыздана түсуде. Сол секілді Ресейде АҚШ доллары да құнсызданған.

Өйткені Ресей экспортты қысқартты. Сондай саясат жүргізді, залалы бізге тиіп жатыр.

Одан бөлек, санкциядан қысылған олар сыртқа өткізе алмаған бүкіл тауарын біздің нарыққа әкеліп тықпалауда. Онда да қымбатқа. Көніп отырмыз.

Осының бәрі Трамптың алдында цифр түрінде сарнап жатқанына кәміл сенімдімін. Сондықтан арадағы әңгімеде осы тақырыпқа олар тоқталатын болады деп ойлаймын. Өйткені АҚШ-тың талабы бар –

Санкция салынған тауарлар мен бағыттарды басқа елдер қабылдамауы керек.

Қалай дегенмен де бұл мәселе талқысы біздің ел үшін тиімді болар еді деп ойлаймын, – дейді маман.

https://kaz.365info.kz/tramp-sheteldik-koshbasshylardan-birinshi-bop-nazarbaevty-khabyldajdy-kharin-296937

Алғатбек Қыдырбекұлы Қазақстандағы америкалық компаниялар туралы да айтты.

«АҚШ – біздегі ірі инвесторлардың бірі. Қазір Қазақстанда 200-ге жуық америкалық компания жұмыс істейді. Сондықтан кездесуде екі мемлекеттің іскерлік мәселесі талқылана отырып, одақтың жайы да сөз болады„ – дейді ол.

АҚШ-пен жақсы болуымыз керек!

Мұхтар Тайжан

Бүгіндері Қазақстанның екі жағынан экономикалық экспанцияның күшейіп жатқанын экономика маманы, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан да қолдайды.

„Президент Назарбаевтың президент Трамппен кездесуін құптаймын. Бұл кездесу қазақ мүддесі үшін пайдалы болады деп ойлаймын. Солай болсын…

Ресей мен Қытай Америкамен жақсы екенімізді көрсін, ол да пайдалы.

Әрине, әзірге Еуразиялық экономикалық одақтан кету мүмкін емес. Бірақ АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары ол одақты міндетті түрде әлсірететін болады„

деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

https://kaz.365info.kz/klinton-sagan-ajtam-tramp-sen-tynda-atambaev-endi-akhsh-kha-shyjlikti-285198

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз