Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақордада Мемлекеттік хатшы мемлекеттік нагрдалар мен мемлекеттік сыйлықтарды таратты

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Айтулы күн қарсаңындағы жылдағы игі дәстүр бойынша Елбасы мемлекетіміздің өсіп, өркендеуі жолында ерен еңбегімен көзге түскен Қазақстан азаматтарын марапаттайтынын жақсы білесіздер. Биылғы жылы 1 700-ден астам адам жоғары наградаға ие болып отыр. Мұны Тәуелсіздік тұғырын нығайтуға, халқымыздың игілігін еселеуге үлес қосқан азаматтар еңбегінің жоғары бағалануы деп білеміз. Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан жасампаз жаңа тарихында ел Президентінің дана басшылығы және халқымыздың еңселі еңбегінің арқасында нарықтық экономикасы, демократиялық саяси жүйесі, дамыған азаматтық қоғамы бар әлемге танымал заманауи мемлекетке айналды», – деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Атап айтқанда,

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені Қазақстан – Американдық еркін университетінің (КАЕУ) президенті Ережеп Мамбетқазиевке, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Нұрлан Оразалинге тапсырылды.

«Парасат» орденін Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жайсаң Ахметов, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Роза Әшірбекова, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Байымбетов, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кинорежиссері Болат Қалымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай алды. Сонымен қатар «Құрмет» орденімен Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Ержан Абдрахманов, Президент Хаттамасының бастығы Мәди Атамқұлов наградталды. ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның аға шебері Қорабай Жаңабаевқа, СҚО Шал ақын ауданындағы «Агросевер» ЖШС механизаторы Владимир Шульцке тапсырылды.

Бұдан бөлек, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі ән және би ансамблінің музыканты Маржан Арапбаева, «ЭКСПО- 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев, әнші Жұбаныш Тоқсанбаев марапатталды.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ж.Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалының кендерді байыту зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор – Айдархан Ахуанұлы Мұхтарға;

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы – Альберт Павлович Рауға;

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана филиалының директоры, техника ғылымдарының докторы – Баймахан Нұрлыбайұлы Сәтбаевқа;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымдарының докторы – Әмір Амантайұлы Әхетовке;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы – Алмагүл Рахымберліқызы Құшұғұловаға;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Талғат Сейітжанұлы Нұрғожинге;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кеңесшісі, бас маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Ертай Қожахметұлы Сәрсебековке;

«Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамының бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Гүлнұр Зейнелқызы Танбаеваға табыстады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз