Студент қыз Ақнәр Гүлістанның қазасына байланысты тың мәліметтер пайда болды. Қайғылы түнде сол пәтерде болған Дидар Мұқият журналистке сұхбат беріп, бұрын айтылмаған жайттарды ашық айтты. Оның айтуынша, Ақнәр жатақханада жиі қысым көрген, кей қыздар тіпті пышақпен қорқытқан. Сол түні Ақнәр мен тағы бір қыз Рано арасында жанжал туындаған. Дидар қауіптеніп, дәретханада жасырынып отырып, Ақнәрдің әпкесіне хабар берген және жедел жәрдем шақырған.