Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақмола облысында жер телімдерін оңды-солды сатып байыған бір топ шенеунікке үкім шықты

Бүгінгі сотта ине шаншар жер болмады. Жерін даулаған жұрт та, ісі қаралған бақандай 24 мемлекеттік қызметкерді қолдаушылар да осында. Астана маңындағы жерді жалған құжаттармен оңды-солды сатып, ойына келгенін істеген Целиноград ауданы шенеуніктерінің былығын прокурорлар 300 жер телімін тексерген кезде әшкерелеген. Бірден қылмыстық іске қатысы бар деген 16 қызметкер қамауға алынған болатын. 8-і қолхатпен жүрген. Бүгін 2 жарым жылға созылған сот аяқталды.

“Айзада Төлегенова Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімін басқарған. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, соған басшылық етіпті. Қызметін пайдаланып , жер телімдеріне жалған құжаттар жасады деп айтыпталды”,-деді Ақмола облыстық сотының судьясы Арлан Қосжанов.

Сондай-ақ, Қосшы кентінің бұрынғы әкімі Елібек Әбуов 5 жылға, жер кадастры бөлімін басқарған Арман Смайылов 4 жылға сотталды. Осылайша, 24 адамның 19-ына әртүрлі мерзімге жаза кесілді. Сондай-ақ, 8-і 1 миллионнан 2 миллион 400 мың теңгеге дейін айыппұл арқалады. Ал 5 қызметкер судан ақ, сүттен таза болып шықты. Олар сот залынан босатылды. Бұл даулы істе 187 адам зардап шегуші болып танылған. Олардың кейбірі тергеу ісіне көмектесіп, сотта жауап берді. Бірақ бұлар даулы жерлерін енді қайтарып ала алмаймыз ба деп қорқады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз