Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақмола облысында қазандық жарылып бір адам мерт болды

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Жеке меншік ғимараттың бу қазандығы жарылған кезде дәл жанындағы ауыл мектебінде балалар сабақта отырыпты.Мектеп басшылығы бірден оқу процесін тоқтатқан.Өйткені маңайды қою қара түтін мен шаң басып қалған. Жұрт ғимараттағы адамдарды құтқаруға ұмтылған. Апат орнына жабыла жүгірген тұрғындар үйіндінің астында қалған 50 жастағы Сағат Рахмановты құтқара алмаған.

Гаражда күзетші болып істейтін ол, бұл жерге аяқ астынан келіп қалған. Отжағушы болып істейтін ауылдасына  көмір кіргізуге көмектесіп жүріпті. Қазандық жарылғанда сол жерде мерт болды. Марқұмды бүгін жерлестері жер қойнына тапсырды. Тып тыныш отырған ауылда бұрқ еткен жарылыстан тұрғындар әлі есін жинай алмай жүр.

“Бәрі жан жаққа ұшты. Шаң аспанға көтерілді.Қабырасы құлап, тақтайлар да жан жаққа шашылып кетті. Шатырым ұшып кете ме деп зәрем қалмады. Адамдарды шығарғанын бәрін көрдім.Жақындауға қорықтым.Сұмдық болды!”, деді Приречен ауылының тұрғыны.

Ғимаратқа қосымша салынған қазандық нысанының күл пәршесі шыққан. Ел болып сол жерде зардап шеккен 36 жастағы от жағушыны үйінді астынан әрең алып шығыпты. Сондай–ақ, сол жерден серіктестіктің коммерциялық директоры өтіп бара жатқан екен. 1975-ші жылы туған жігіт ағасына ұшқан тас пен тақтай дөп тисе керек, сол жақ бұғанасын сындырып жіберген.

“Ем қабылдап жатыр. Күйіктен басқа және сүйектері сынған. Күйігі 1- ші 2-ші дәрежелі. Күйігі операциясыз өтеді. Бір науқасқа операция жасалады бұғанасына, терісі жақсы болған кезде”, деді Ақмола облыстық ауруханасының травмотолог дәрігері.

Қайтыс болған күзетшіні  жерлеуге қатысты шығынды да, зардап шеккендерге жұмсалып жатқан қаражатты да серіктестік басшылары өз мойындарына алған. Бірақ, бізге өңірге белгілі кәсіпкер болған жағдайға байланысты сұхбат беруден үзілді кесілді бас тартты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз