Ақмола облысында екі айлық сәбиін емізіп жатқан ананың ұйықтап кетуі салдарынан, құшағында жатқан нәресте көз жұмды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды Stan.kz. Қайғылы оқиға 7 маусым күні Есіл ауданы Свободное ауылында болған.
Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, анасы сәбиін емізбек болған. Бірақ, емізу кезінде 27 жастағы анасының көзі ілініп кеткен. Тек оянған кезде нәрестенің сүтке тұншығып қалғанын көреді.