Ақмола облысында 6 жасар баланы өз иті талап өлтірді. Ит баланың отбасына тиесілі болып шықты.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 1-наурызда сағат 15:00 шамасында Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында болған.
Бала өз ауласында «кавказ» тұқымды итімен ойнап жүрген. Ол итке таланып алған дене жарақатынан көз жұмды.
Ит сол баланың үйінікі болған.