Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақмола облысында 2 жасар бүлдіршіннің өлімі шұжықтан болмай шықты

Ақмола облысы бойынша қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мәліметінше, бүлдіршінге «гастроэнтероколит типті ас токсинді жұқпасы» диагнозы, «токсинді шок, мидың және өкпенің ісінуі, асқынған жүрек қан тамырларының жетіспеушілігі» жалғаспалы диагнозы қойылған.

«Орташа деңгейдегі өкпенің оң жақ үстіңгі бөлігі қабынған». Сараптамаға сәйкес сауда үйінен сатып алынған шұжықтың нормативтеге сай екенін анықталды. Қызметкерлерден ішек таяқшасы табылған жоқ.

Тәуелсіз сарапшылар осындай қорытынды шығарды. Мамандар 5 жасқа дейінгі балаларды (Е) қоспалары бар тағамдарды, фастфудтарды, консерві өнімдерін, өңделмеген, құрамында қант жəне тұздары көп тағамдарды жегізбеуге кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында екі жасар қыздың шұжықтан уланып көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз