Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Әкем Шымкентті “ұстаған”. Тәуекел Мүсілім атышулы рэкетирдің баласы болып шықты

2939

Оған басылым тілшісі: „Қылмыс әлемінің сөзімен айтқанда «вор в законе» етіп тағайындалған, 90-жылдары криминалдық «авторитет» болып танылған Сабыр Мүсілім сіздің әкеңіз екені рас па?„ деп сауал қояды.

– Иә, әкем батыр адам еді… Ол кісі кездескен сайын маған ұлттық намыс туралы айтатын. Кейде өзге ұлттың өкілдері қазақ қыздарымен көңілдес болып, қоғамдық орындарда даяшыларды басынып, дауыс көтеріп жатқанын көресің. Біздің әкелеріміздің кезінде мұндай тәртіпсіздік болмайтын еді.

Неге өз елімізде өзіміз өгей бала болып, көше сыпырып, қара жұмыс істейміз? Неге өзге ұлт келіп ойына келгенін жасайды? Қонақ әрқашан өз орнын білуі керек. Қазақ жері аспаннан түскен жоқ. Қазақтың қанымен, жанымен келген жер. Қазақтың жанын ешкім түсінбейді. АҚШ-та бір ай болғанымда туған елімді сағындым. Шер тарқатысатын туған бауырың, туған жерің керек екенін түсіндім. Қазір батырсымақ жігіттер көп. Оларға «қазақты ұрып жық» деп ақша берсең, ұрудан тайынбайды.

Менің әкем мен оның достары билікке қарсы шыққан жоқ, биліктің кей көзқарасына келіспеді. Олар елді тонамады, елге қамқоршы болғысы келді. Мұндай азаматтар әр заманда керек. Ұлтаралық тәртіпті ұстап тұрған сол кісілер еді.

Сондай-ақ Тәуекел мінезінің әкесіне тартпай қалғанына қынжылды.

– Тәуекел деген атымды әкем қойған. Тағдырдың жазуымен әке мен шешем кішкентай кезімде ажырасып кетті. Әке тәрбиесін көрмей өскендіктен, ол кісі туралы мардымды ештеңе айта алмаймын. Анам біздің араласуымызға қарсы болған жоқ. Әлі күнге дейін енесінің алдын кесіп өтпей, сәлемін салады. 9-сыныпта әкеммен үш айдай бірге жүрдім. Әкем спортқа жақын еді. Поэзияны, өнерді сүйетін. Кез келген отырысты жандырып жіберетін. Маған үнемі «оқы, келер заман – білімділердің уақыты» дейтін. Расында, қазір – білектің емес, білімнің заманы. Ол кісіге ұқсаймын деп айта алмаймын.

Кейде өз ойымды жасырып, үндемей қалатын жасықтау мінезім бар. Әкемнің қолында өскен болсам, мінезім басқаша болар ма еді. Бірақ ішімде бір қайсарлық бар екенін сеземін. Әкемнің көзін көрген жұрт «бұл –Сабырдың ұлы ғой, тектінің көзі» деп жатады.

Әке атына лайық болсам деймін.

Айта кетелік, Кеңес үкіметі тарап әрбір республика жікке бөлініп бастаған сәтте бой көтеріп, қазақ жігіттерінің ішінен суырылып шыққан Сабыр Мүсілімұлы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Сөзіне берік, келбеті сұсты, екі жүзділік пен жалқаулықты жақтырмайтын азаматты жұрт бас ақылшы санап, кез-келген түйткілді шешу үшін Сабырға жүгінді.

90-шы жылдары түрлі қылмыстық топтар оны «оңтүстік өңірге жауапты», қылмыс әлемінің өз сөзімен айтқанда «вор в законе» етіп тағайындады. Яғни, ұшқан құс, жүгірген аң Сабырға есеп беруі тиіс болды. Сабыр жетіммен жесірді жебеді, қарттарды сүйеді. Сол уақыттағы жұмыссыздықты жойып, қылмысты азайту үшін жұмыс жасаған.

Сабыр Мүслімұлының көптеген әрекеті заңға қайшы болды. Полициямен тіл табыса алмаған азаматқа 9 түрлі бап бойынша айып тағылғанымен, бірі дәлелденбейді. Соңында көлігін тінту кезінде қолдан жасалған пышақ табылып, «суық қару сақтады» деген айыппен 3 жылға түрмеге қамалды. Темір торда отырып, ауруға душар болған азамат, кейін босап шыққан соң ұзақ науқастан Алматы қаласында көз жұмды.

Қазір қазақ өнерінің жұлдызына айналған, жас актер Тәуекел Мүсілім – осы Сабыр Мүсілімұлының тұңғышы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз