Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
6
USD
442
-2.48
EUR
476
-1.91
RUB
4.86
+0.01

«Әке, қайдасың?..». Мирзияев Кәрімовтың қызына не істегенін білесіз бе? (видео)

166

Картинки по запросу каримов семья

Сөйтсек, Гүлнардың шетелде жасырған ақшасын Ташкентке қайтару туралы шешім қабылданыпты-мыс. Әңгіме Швейцария банкіндегі бұғатталған 800 млн швейцар франкі (810 млн. АҚШ доллары – ескерт.) жайында екен. Тілшілердің айтуынша, бұл қаржыны қайтару мәселесі оң шешімін тапқан сыңайлы. Бұл туралы «Озодлық» порталы жазыпты.

Журналистер «осы процесстің басы-қасында жүрген, бірақ бір бірінен тәуелсіз  Швейцариядағы, Швециядағы және Ұлыбританиядағы дереккөздерінің» мәліметтерін басшылыққа алыпты.

Мәселенің саяси тұсы әлдеқашан шешілген

Атын атаудан бас тартқан швейцариялық шенеунік келесіні хабарлаған. Оның сөзіне сенсек,

Берн бұл ақшаны тезірек Өзбекстан үкіметіне қайтаруға мүдделі екен

https://kaz.365info.kz/meni-anam-tiri-g-ln-r-karimovany-ly-238667

– Келіссөздер ұзаққа созылуда. Белгілісі, бұл ақшадан бірнеше тарап дәмелі. Бірінші тарап Өзбекстан үкіметі болса, екіншісі – АҚШ, үшіншісі – Zeromax несиегерлері.

АҚШ-тың әділет министрлігі бұл ақшаның бір бөлігін ала алады. Ондағылар Кәрімова мен оның сыбайластары өздерінің махинацияларын доллар түрінде және АҚШ-тың банк жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырған деп, сендіруде.

Ал Zeromax несиегерлері, әзірше, тергеушілерді осы компанияның нағыз иегері Гүлнар Кәрімова екеніне иландыра алмай отыр. Сондықтан олардың бұл ақшаның қандай да бір бөлігіне қол жеткізуі неғайбыл, – дейді швейцариялық шенді.

Жиырмадан астам еуропалық компаниялар Швейцарияда тіркелген Zeromax GmbH компаниясымен контрактіге отырыпты. Олар Ташкендегі Форумдар сарайын және «Бунёдкор» стадионын салуға қатысты.

Өздеріңіз білетіндей, Zeromax GmbH оларға 5 млрд АҚШ оллары көлеміндегі қаржы қарыз болып, өзін банкрот деп жариялады. Қазір компания өкілдері Zeromax-тың нағыз қожайыны Гүлнара Кәрімова деп, мәлімдеуде.

Картинки по запросу гульнар каримова

Ал ақшасын ала алмаған компаниялар несиелер бойынша қарыздарын бұғатталған қаржы есебінен өндіру жөнінде сотқа арызданған. Ал Zeromax-тың бұрынғы атқарушы директоры Мироділ Жалолов қазір өзбек түрмесінде жазасын өтеп жатыр.

https://kaz.365info.kz/al-kerek-bolsa-g-ln-r-karimovany-jine-tintu-zhasa-an-sheneunik-keden-komitetini-tizginin-stady-242346

2017 жылғы 19-қазанда швейцариялық Le Temps газеті «Коррупционные миллионы в Швейцарии вызывают зависть у иностранцев» – «Швейцариядағы жемқорлық миллиондары шетелдіктердің қызғанышын тудыруда» деген мақаланы жариялады. Мақалада

Гүлнар Кәрімованың Швейцарияда бұғатталған 800 миллионынан Өзбекстанның, АҚШ-тың және Голландияның дәмеленіп отырғаны туралы айтылған.

Le Temps газетінің жасырын дереккөзі бұл тараптардың әрқайсысы Швейцария үкіметімен жасырын келіссөздер жүргізіп жатыр деп, сендірген-ді.

— Қазір Берндегілер осы ақшаны қандай жолмен қайтарарын білмей, бастарын қатыруда. Мемлекеттік конфедеративтік министерлік, Федералдық әділет басқармасы, Халықаралық қатынастар департаменті, сондай-ақ Даму және қызметтесу жөніндегі департамент, – деді дереккөз.

Тергеу жалғасуда

— Өзбекстанның жаңа президенті өзін реформатор ретінде көрсетуге тырысуда. Оның АҚШ-қа жасаған сапары барысында Ақ үй оның елде жүзеге асырып жатқан реформаларын жоғары бағалады.

Бұл мәселеде ресми Ташкент өз мүдделерін алға жылжыту мақсатында лобби жасаушылар ретінде Швейцарияның дәулеті тасыған бизнесмендерін жалдапты.

https://kaz.365info.kz/g-ln-r-k-rimova-adiri-di-kesh-t-sindim-ke-223929

Міне, осының барлығы, өзбек билігіне Гүлнардың ақшасына қол жеткізуге көмек береді, – швейцариялық шенді «Озодлық» тілшісімен болған әңгіме барысында.

Шавкат Мирзияев

Дегенмен Швейцарияның Федералдық прокуратурасы істің мән-жайын жариялаудан бас тартты. Айтқан уәжі – терегеу әлі жалғасып жатры-мыс.

Халықаралалық стандарттарға сәйкес, қылмыстық іс шеңберінде бұғатталған қаржыны және мүлікті тараптардың біріне беру мәселесі олар сот шешімі негізінде тәркіленгеннен кейін ғана шешіледі.

Сарапшылардың көпшілігі порталға берген сұқбаттарында бұл активтердің тағдыры жақын арада шешілмейтінін айтқан-ды. Өйткені бұл мәселені шешу үшін ол қаржы сот шешімімен тәркіленуі және Швейцария үкіметі шешім қабылдауы керек. Мамандардың айтуынша, ол жуық арада шешіле қойылатын шаруа емес.

Дегенмен, осы істің басы-қасында жүрген шендінің айтуынша,

Берн бұл ақшаны Өзбекстанға соттың шешімін күтпей-ақ бере салуы мүмкін

Осы нұсқаны растау немесе жоққа шығару жөніндегі өтінішке Швейцарияның Федералдық прокуратурасы былай жауап берді:

— Қылмыстық іс – федералдық прокуратура ықпал ете алмайтын динамикалық процесс. Сондықтан алдын ала ол қанша уақытқа созылатынын және немен аяқталатынын болжау мүмкін емес.

Бұл ақшаны тараптардың біріне қайтару мәселесі прокуратураның құзыретіне жатпайды.

Осыған орай, сізден Федералдық сыртқы істер департаментіне хабарласуды өтінеміз.

Ал Швйцарияның  Федералдық сыртқы істер департаменті бұл мәселеге жауап беруден бас тартты. Айтқан уәждері – әлі тергеу жүріп жатыр.

Кәрімованың активтері арнайы қорға берілуі тиіс

Өзбек қоғамының белсенділері «Кәрімованың ақшасы өзбек халқынан ұрланған» деген пікірде. Сондықтан

оны Өзбекстан билігіне беруге болмайды

Ондай жағдай орын алса, ақша қайтадан жемқорлардың қолына берілді деген сөз, дейді олар.

https://kaz.365info.kz/karimovtyn-musorysyndar-mirziyaev-ne-byldirip-zhatyr-video-305346

2018 жылғы 23-мамырда бір топ белсенді Швейцария үкіметіне ашық хат жолдап, бұл ақшаны Ташкенге қайтармауды өтінген-ді. Ол үшін биліктің жоғарғы эшелонында жемқорлыққа қарсы шынайы күрес басталу керек.

Бұдан бөлек, ашық хатқа қол қойғандар ақшаны қайтару процессінің ашық, жәрия? Ал ең бастысы, әділ жүргізілетініне кепілдіктер қажет деп, санайды.

Белсенділер кезекті рет Берннен Кәрімованың бұғатталған ақшасын «оның шынайы қожайын – өзбек халқына» қайтаруды өтінді.  Олар мұны жұмысын халықаралық жүйе мен азаматтық қоғам бақылайтын

арнайы қор арқылы жүзеге асыруды ұсынуда.

Швйцарияның  Федералдық сыртқы істер департаменті белсенділердің үндеуін және бұғатталған ақша Өзбекстан билігіне берілсе тағдыры не болады екен деген алаңдаушылығына қатысты пікір білдіру жөніндегі өтінішті ашық қалдырды.

Қазір Гүлнар Кәрімованың қай түрмеде отырғаны және қандай жағдайда екені белгісіз.

Бұл жөніндегі ақпаратты Өзбекстанның Бас прокуратурасы 2017 жылғы 28-шілдеде өзінің ресми сайтында жәриялаған-ды.

 

Редакциядан: Ал мына видеода Гүлнәр Кәрімова әкесінің бейітіне жібермей жатқан күзетшілердің әрекеті түсіп қалған. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз