Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап әкімшілік жаза түрінің жаңа формасы – қоғамдық жұмыстар енгізіледі. Түзетулерге сәйкес, қоғамдық жұмыстар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 9 бапқа сәйкес тағайындалуы мүмкін. Олардың қатарында:
- Отбасындағы құқыққа қайшы әрекеттер (73-бап);
- Ұсақ бұзақылық (434-бап);
- Қоғамдық орындарды ластау (434-2-бап);
- Әдейі жалған түрде жедел қызметтерді шақыру (438-бап, 2-бөлік);
- Қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйінде жүру (440-бап, 3-бөлік);
- Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау (443-бап, 2-бөлік);
- Қоғамдық орындарда тиісу (449-бап, 2-бөлік);
- Арнайы көлікке жол бермеу (598-бап, 2-бөлік);
- Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін жүйелі түрде бұзуы (615-бап, 4-бөлік).
Жазаның орындалуын жергілікті атқарушы органдар бақылайды. Ал тағайындалған жұмыстардан жалтарғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабына сәйкес бөлек жауапкершілікке тартылады.