Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Айя Шалқар артық салмақпен күресуден жалықты

887

Ерекше сұлу түр-әлпетімен танымал модель, барлық қыздар сияқты ұзақ уақыт бойы артық келімен күресіп келген. Шыбықтай арық болу үшін Айя арықтаудың барлық әдісін сынап көрген. Диетаға отырып, спортзалдан шықпай жүрген кездері де болған.

Екі жыл бұрын модель өмірден ләззат алуға бел буып, мінсіз пропорцияға ұмтылудан бас тартқан.

“Мен өмір сүретін дене туралы. Қазір менің салмағым бұрыңғы кезден артық, бірақ мен денемді бұрыңғы кезден артық жақсы көремін. Мен бұған қалай келгенімді айтайын. Жасөспірім кезімде барлығы сияқты арық болдым. Шамамен он жеті жасымда денем маған бейтаныс пішінге ене бастады. Бұл мені қатты қорқытты. Мен тола бастадым. Ол кезде мен модель болуды қатты армандадым, онда да фэшн модель болғым келді.

Келесі екі жыл бойы мен қорқынышпен өмір сүрдім

Бәрі болды — ашықтым, спортпен айналыстым, “үзілістер” алдым. Арық болдым, бәрі жақсы сияқты. Бірақ бұл сүйікті тәттілерден бас тартуға, жаман көңіл-күймен жүруге тати ма? Жалпы, бір күні мен бұл жағдайды босаттым.

Эксперимент жасаймын деп шештім. Қалағанымды жеймін, тек қалаған кезімде спортпен айналысамын. Денем қай салмаққа дейін баратынын бақыладым. Көремін, сезінемін. Соңы не болды дейсіздер ғой? Сандар көтеріліп келе жатты да… тоқтап қалды! Ал айнадан орта салмақтағы, қарапайым қызды көрдім.

Иә, арық емес, иә, “модельдік” пішін емес, бірақ, өзінше сұлу әрі бақытты. Мен өзіме “жайлы салмақ” ұғымын қайта аштым.

Егер бұрын бұл тек менің сыртқы келбетіме қатысты болса, енді бұл тағамға, өмірге, өзіне деген салауатты қарым-қатынасқа қатысты. Компромисстердің ортасы. Тек спортпен айналысу керек деген талап бар, бірақ өз рахатың үшін.

Бәрін өз рахатың үшін істеу — бұл өте маңызды”, – дейді модель.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз