Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Айтып жатыр екенсіздер…”. Жазира мен Жанболаттың ажырасып кеткені рас па? (фото)

255

https://kaz.365info.kz/suitsid-zhasaj-zhazdadym-zhazira-bajyrbekova-eshkimge-ajtpagan-syryn-akhtardy-video-294430

View this post on Instagram

Аллам сақтасын! "Сіздер ажырасып жатыр екенсіздер.Неге?"-деген сұрақтар көбейіп кетті.Үйленгенімізге 22 жыл болды.Ондай ой ешқашан басымызға келген емес.Қайдан шығады осындай әңгімелер🤔 Жарайды қойш.Айтылады қояды.Бір Аллам сақтасын ондайдан. Ал,әріптестерімнің ажырасқаны туралы менің парақшама жазбауларыңызды сұраймын! Ешкімнің өмірін талқылауға болмайды.Өйткені алдында не күтіп тұрғанын Алладан басқа ешкім білмейді… #Бәрі жақсы болсын #Бәріміз бір-бірімізге бақыт тілелейік #ЖазираБайрбек #ЖанболатЖазира

A post shared by Жанболат & Жазира (@zhanbolatzhaziraa) on

“Аллам сақтасын! “Сіздер ажырасып жатыр екенсіздер. Неге?”, – деген сұрақтар көбейіп кетті.Үйленгенімізге 22 жыл болды.Ондай ой ешқашан басымызға келген емес.Қайдан шығады осындай әңгімелер”, – деп жазды ол.

Әнші мұндай сұрақтарды естіп, қатты таңғалғанын жасырмады.

https://kaz.365info.kz/artyndy-asham-bajzakhova-ozin-maskharalagan-khyzga-khokhan-lokhy-korsetude-video-312312

“Жарайды қойшы, айтылады, қояды. Бір Аллам сақтасын ондайдан. Ал әріптестерімнің ажырасқаны туралы менің парақшама жазбауларыңызды сұраймын! Ешкімнің өмірін талқылауға болмайды. Өйткені алдында не күтіп тұрғанын Алладан басқа ешкім білмейді…”, – деп жазды ол.

Бұдан бұрын…

Бұдан бұрын 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасына қонаққа келген әнші Жазира күйеуі екеуінің арасында ши өтпес татулықтың құпиясын жайып салған еді. Әншінің айтуынша «күйеуінің бір таяғын әрбір әйел көтере білуі керек». 

«Бұрынғы заманда әйелді ұру – сәнде болды. Өтірік айтпаймын. Мен таяқ жедім. Бірақ көп емес. Шамамен екі-үш рет. Сол таяққа лайық болдым десем де болады. Себебі, мен өте ерке, ешкім бетімнен қақпай өсірген қыз болатынмын.

https://kaz.365info.kz/zhazira-zhanbolattan-taya-zhedim-sol-taya-a-lajy-boldym-235317

Жолдасыма қарсы сөйлеймін деп таяқ жедім. Тілімнен таптым. Қазір ол тілді қалай жайғастыру керектігін білемін.

Мұны қазір ажырасулар көбейіп кеткен соң, ашық түрде айтып отырмын. Күйеуінен бір рет таяқ жеген келіншектер алды-артына қарамай, бірден ажырасып кетіп жатыр. Бірақ, отбасы болған соң, өмірдің ыстық-суығы қатар жүреді. Бұл соққыға шыдап жүре беру керек деген де сөз емес» дейді Жазира.

Айтуынша ұрысқаннан кейін татуласулары да жылдам екен.

– Үндемей жүре беремін. Өзі келіп бетімнен сүйеді. Мен ұмытшақпын. Мысалы, таңертең ренжісіп қалсақ, біраз уақыт сөйлеспей қойғым келеді. Артынша мұны ұмытып, өзім бірінші сөйлеп кетемін. Ол да ұрыспаған секілді жауап қайырып кете береді, – дейді Жанболаттың әйелі.

 

https://kaz.365info.kz/bakhytty-bol-zhazira-bajyrbekova-kyjeuimen-birge-an-salmajtyn-boldy-video-295437

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=58XhD381108

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз