Таяуда ғана «жұлдызды енелердің» тізімін толықтырған Жеңіс Ысқақова аздаған уақытта мол тәжірибе жинап үлгерген. Әнші келінімді қыздай көремін деген әңгіменің бәрі өтірік екенін айтты деп хабарлайды НТК арнасы.
«Ойбай, мен келінімді қыздай көремін деген әңгіменің бәрі өтірік. Тағы айтамын, мен өзімнің келінімнің алдында дұрыс болуға тырысамын. Ол да менің алдымда дұрыс болуға тырысады»,- дейді әнші.
«Менің айтқанымды істейсің, менің айтқанымдай деген принципті қою керек сияқты. Келіп алып, менің заңыммен, менің дәстүріммен жүр деуге болмайды. Жәймен үйретпеу керек деп ойлаймын.
Кім таңертең жұмысқа кетеді. Сол өзінің шәйін ішіп кете береді деген болмайды.
Біреу жұмысқа кетеді ме, бәріміз бірге таңғы асты ішіп, бәріміз бірге дастарханнан тұруымыз керек. Содан кейін, өзіміздің жұмысымызбен кетуіміз керек. Бірақ, бүгінгі күні келінім соны орындап отыр, Аллаға шүкір! Әрі қарай көре жатармыз енді»,- деді Ысқақова.
Еске салсақ, Жеңіс Ысқақова жуырда тұңғышын үйлендіріп, қайын ене атанды.