Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Айтам, неге айтпаймын…”. Ақтөбе әкімі мектептерде балалардан ақша жинайтын ата-аналарды сынады

Қала басшысының балалары ақылы мектепте білім алады.

«Түсінбейтінім, онсыз да ақылы мектепте неге ақша жинайды екен? Негізі, әр нәрсенің өз орны бар. Әке ретінде, ата-ана ретінде мектептерде ақша жинауға қарсымын. Ондайдың қажеті жоқ. Рас, кейбір директорлар ондай бастамашыл ата-аналарды жақсы көреді», — дейді әкім.

Ілияс Испанов мектеп директорларының кейбірі шаруаларды өздігінен шешкісі келетінін жасырмады. Бір-бірінен озу үшін, рейтинг қуу мақсатында білім ордалары ата-аналардан ақша жинауға дейін барады.

«Бүгінде барлық жұмысты мемлекеттік тапсырыс аясында жасау керек. Ал оның өз қиындықтары бар. Кез келген шараға техникалық тапсырма әзірлей алмайды. Мектептер үлкен машина іспетті. Қазір ойға алған дүниені сол бойы жасай салу мүмкін емес», — деді әкім.

Ілияс Испановтың айтуынша, бүгінде қала бюджетінің 40 пайызы білім саласына жұмсалып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз