Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова бір телеарнада ток-шоу жүргізетін болыпты.
Бұл туралы КТК телеарнасының журналисі Гүлмира Әбіқай Facebook-тегі жеке парақшасында жазды. Оның пікірінше, көлденең көк аттыларға журналистикада орын болмауы тиіс.
„Әншіден құтыла алмай жүрсек енді продюсер килікті. Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира телевизиялық ток-шоу жүргізе бастады. Өзіне ұнады. Ал көрерменге ше?.. Десе де, тележүргізуші тіл, түр, киім емес миы милллиондаған ақпаратты бастан кешірген хас журналист болғаны жөн шығар?!„ деп жазды Гүлмира Әбіқай.