Танымал әнші Айгүл Иманбаева сахнаға киген көйлектерін сатылымға шығарды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлады.
“Құрметті менің оқырмандарым! Сахнаның адамы болған соң, көйлекті арнайы көп тіктіреміз. Бірақ 3-4 рет киген соң, бәрі гардеробта тұрады. Менің көмекші қыздарым сол көйлектерді сатылымға шығаруымды өтінді. Тәуекел деп, 50-60% жеңілдікпен шығардым сатылымға”,
Желі пайдаланушылар арасында Иманбаеваны қолдап, ісіне сәттілік тілегендер бар. Бірқатары күнін көре алмай қалған ба деген де пікірлер қалдырған.
https://www.instagram.com/p/BT9I5-cASOi/?taken-by=aigul_imanbayeva
Жалпы ресейлік және шет елдік әншілер сценалық және кешкі көйлек көншек, киім – кешектерін қайырымдылық аукционы арқылы сатып, түскен табысты жетімдер үйіне, ауру балаларға аударып жатады. Бірақ Иманбаева ханымның мына аукционы қайырымдылық шарасына ұқсамайды. “Мына көйлектерді де сатылымға қойдым. Сахналық киімдер өте көп, гардеробта киілген көйлектер бекер жатпасын деп көмекші қыздарымның кеңесін тыңдап сатылымға шығаруға келістім”,- деп ақталыпты әнші ханым.
https://www.instagram.com/p/BT9JSwwg6Uh/?taken-by=aigul_imanbayeva
Аяжан Төрехан