Өте ыңғайсыз жағдай болды. Ұят енді.
Абырой болғанда, бізде емес, Италия астанасы Римде болыпты.
49 жастағы еркек жезөкше іздеп көшеге шығыпты, деп жазады Life.
Бұл жігіт әйеліне достарыма барып, сонда қонамын деп «құлақтан теуіп» кеткен екен. Соны пайдаланған әйелі де «оңай ақша жасай қояйын» деп жезөкшелікке шығыпты.
Сөйтсе, бұ жігіттің әйелінің анда-санда жезөкшелікпен ақша табатын әдеті бар екен.
Содан әлгі жерде ерлі-зайыптылар арасында жаға жыртысқан төбелес болды. Анау «сен неге жезөкшесің» десе, мынау «сен несіне жезөкше іздеп жүрсің» деп дүрсе қоя берген.
Масқара төбелеске куә болған көшедегі халық полиция шақырып, бұл екеуін әрең ажыратыпты.
https://kaz.365info.kz/elitaly-zhezokshe-khaltaly-zhigitterdin-ozderin-khalaj-khorlajtynyn-ajtyp-berdi-257558