Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әйелдерге “балаларың өліп қалсын” деген жүгенсіз жүргізуші ұсталды

https://youtu.be/DJf7h61uqQw

Жол сұрағандай болады. Дегенмен әйелдер жол бермей, алдыңғы машинаның жүргізушісіне ескерту жасаған.

Ал біраздан кейін осы көлік тізгініндегі жігіт оларды айналып өтіп бара жатып, “Балаларың өліп қалсын” деп айғайлап кетеді.

Қараптан-қарап қарғыс алған келіншектер осы бір бейнежазбаны әлеуметтік желіге салған. Полиция жедел түрде іздеу шараларын жүргізіп, екі көліктің де жүргізушілері кім екенін анықтады. Олар бөлімшеге шақыртылып, жауап алынды.

Ал әйелдерге қарғыс айтқан азаматтың тіпті жүргізуші куәлігі де жоқ болып шыққан. Көлікті құжатсыз жүргізгені үшін оған қосымша хаттама толтырылды, ал машинасы айып тұрағына қойылды. Кінәлі жігіт полиция бөлімшесінде отырып әйелден және барша халықтан жыларман болып кешірім сұрады. Бұл азаматтың бұрын да тонау дерегі бойынша екі рет істі болғаны анықталды.

“Жол жабық болғандықтан мен тротуармен жүрдім. Ыңғайсыз жағдайға тап болдым. Ашуым кеп тұрғандықтан аузымнан жаман сөздер шығып кетті. Не болғанын өзім түсінбей қалдым. Барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймын, мен ашу үстінде айтып қойдым. Мен кішкентай балаларды ренжіткім келген жоқ, әйелдерден де кешірім сұраймын, мұндай екінші рет қайталанбайды”,-дейді жігіт.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз