Алматыда жолаушыларды соққыға жығып, тонайтын такси жүргізушісі сотталды. Таксист әйел адам.
Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыс өткен жылдың қазанында болған. Жүргізуші әйел сыбайластарымен бірігіп, екі жолаушыға тап береді. Ол құрбандарын соққыға жығып, тұншықтыру арқылы мүліктерін тартып алуды көздеген.
Оның қолды қылған мүліктерінің жалпы сомасы 235 мың теңгені құрады. Әйел ҚР Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша кінәлі деп табылып, 5,6 жылға бас бостандығынан айырылды.