Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Айдос Сағатов: әншілердің көбі өтірік ән айтып, халықты алдап жүр

223

Ол өзінің сүйікті әншісін тыңдау үшін сонша ақша шашатындар үшін қынжылатынын айтады.

“Екі мың халық екі сағат аузын ашып  Респулика сарайында ән тыңдап,15-20 мыңға билет сатып алып, әншісіне құшақ-құшақ гүл, неше түрлі сыйлықтарымен құрметін білдіріп жатқанда,

әншісі өтірік фонограмма арқылы ән айтып кете барады. Бұл дұрыс емес. Халық сапа мен шындықты талап ете білуі керек.

Басқа әншілер бар, шын мәнінде күнде дайындалып, еңбектеніп, шеберлігін шыңдап, денсаулығын да, ақшасын да аямай жұмсайтын. Бірақ олар 5-ақ процент қана десем, дұрыс шығар. Халықты ояту керек.

Жарқыраған киіммен сахнаға шығып, өтірік аузын жыбырлатып кете беретіндерді халыққа көрсетіп, бір кездергі Светлаков сияқты жасау керек.

Ол Бузованың қолынан микрофонды жұлып алып, оның масқарасын шығарды емес пе? Ақшасын төледің ғой, сен де солай істе.

Сонда ол жылтыраған костюм киіп, сенің алдыңда өтірік ән салмайтын болады”,

дейді әнші.

 

Айта кетсек, 1 қарашада Алматыдағы Республика сарайында “Үркердің” үш сағаттық концерті өтті. Әнші сахнаны бір минут та тастамай, көрермендерін үш сағат бойы жанды дауысымен ән айтып, қуантты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз