Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Әй, мынаған қара!..”. Министрлікте істейтін біреу Байбекті мазақ қылды (видео)

https://kaz.365info.kz/bajbek-afrikanesti-korset-almatydagy-alyp-tiinge-zhemkhor-degen-at-berildi-foto-323454

Туынды авторларының ішінде Оңтүстік Африкадан келген Мариус Янсен Ван Вуурен деген біреу жүр. Бұл да елдің күмәнін қоютала түсті.

„Қайдағы африкалық, ақшаны соған аударған боп өздері жеген шығар„ — дейді бұған күдіктенген желідегі жұрт. „Тіпті, сол африканесті Байбек мына жұртқа көрсетсін„ деп те жатты тағы біреулері. Хош делік…

Енді желіде тарап жатқан видеоның жайына оралалық. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасына жүктеп қойыпты.

https://kaz.365info.kz/byzyp-zhiberedi-tanymal-ekonomist-memlekettik-khyzmettin-nege-zhaman-ekenin-ajtty-294083

Бұл видео бірден танымал болып, көптеп бөлісілген.  Ол видеодан студенттердің шөптен алып тиін ескерткішінің сыңарын жасап шыққанын көруге болады.

Видеодан ұққанымыздай, Дала күнін атап өтпек болған студенттер қаскелеңдіктерді шөптен су тегін жасалған алып тиіннің көшірмесін тамашалауға шақырады.

“Тиін Қаскелеңдегі агропаркке орнатылды. Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің студенттерінің бастамасына Қазақ егіншілік институты қолдау білдірді. Шикізат та табыла кетті”, – деп жазылған жазбада.

https://kaz.365info.kz/khajdagy-sharua-deputat-ykimet-bolgen-arzan-nesieni-shynynda-kimder-alatynyn-ajtty-293895

Бұл жазбаға пікір қалдырушылар келтірген дерекке сүйенсек, шөптен жасалған тиінге 230 мың теңге жұмсалған көрінеді.

„Мынаны Байбек көрді ме екен, көрсе қайтті екен?„ деп басталған желідегі пікірлер ескерткішке жұмсалған ақшаға қатысты алдағы наразылықты қайта бұрқ еткізді. Шын ғой, оған 23 миллион теңгенің кетуі мүмкін емес!..

 

Белка прописалась на нашем агропарке в Каскелене. Инициатива студентов КазНАУ была поддержана Казаxским институтом земледелия. Тем более, в сырье недостатка нет – на опытныx поляx идет уборка.

Gepostet von Saken Kalkamanov am Dienstag, 17. Juli 2018

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз