Дүйсенбі күннің екінші жартысында «Жуковский» әуежайы салтанатты түрде ашылып, одан алғашқы боп Қазақстан және Қырғызстан әуе компанияларының ұшақтары ұшырылады, деп жазды «Ведомости» газеті.
«Рұқсаттарды алуға уақыт көп кетті, авиациялық қауіпсіздік сәйкестігіне сертификатты Росавиация өткен апта аяғында ғана берді», – деді «Ростех».
Басылым деректерінше, «Рампорт аэро» да, «Ростех» те әуежайдан алғашқы боп қай авиакомпания ұшатынын хабарламаған.
«Рампорт аэро» жиырма шақты авиакомпаниямен келіссөз жүргізген. Чартер тасымалдаушылар мен ТМД елдерінің авиокомпанияларына барынша арзандау қызмет ұсынылған. «Ростехке» жақын адам бірінші болып ТМД авиакомпаниялары ұшатынын айтты.
«Ашылу рәсіміне біздің делегация қатысады, «Жуковскийден» рейс жоспарлаудамыз, – деді ресейлік SCAT өкілдігінің қызметкері. «Ашылуына қатысамыз, әуежаймен, жерүсті қызметтерімен келісудеміз», – деді Air Kyrgyzstan қызметкері.
Авикомпания сарапшылары, менеджерлері әуежайға көліктің жетуіне қиындықтар барын айтты, оған Аэроэкспресс электр пойызы жүрмейді, автомобильмен кептеліс салдарынан жету күрделі.
– Қыркүйекте РТЖ әуежайға жақын Отдых стансасын жаңартып, оған Аэроэкспресс келеді. Әуежай сол кезде станса мен терминалды байланыстырады, – деді «Рампорт аэро» бас директорының орынбасары Сергей Рыжов.