Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

АХҚО сотының заңгерлер мен бизнеске арналған мүмкіндіктері «Заң диалогтары» жобасы аясында қаралды

Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Сорбонна-Қазақстан институты, «Almaty – Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі және «Ізгілік акселераторы: Izgilik elshisi» еріктілер қозғалысы бірігіп ұйымдастырды.

Вебинар қатысушыларына тақырыптың маңыздылығын атап өткен кездесудің модераторы – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, АХҚО Құқық академиясы Академиялық Кеңесінің мүшесі, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының Қазақстан Республикасы атынан мүшесі Игорь Рогов:

— Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрған «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс барысында Елбасы қабылдаған шешімінің дұрыстығын көрсетті. Бұл бастаманың тиімділігін АХҚО тәуелсіз сотының қызметі айқын көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АХҚО жұмысына қазақстандық бизнестің белсене араласуына, атап айтқанда, дауларды шешуге атсалысуына тапсырма бергені белгілі. АХКО мен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры кәсіпкерлермен тығыз байланыста еңбек етті. Зерттеу барысында бизнес сегментіне кеңес беретін адвокаттар мен заңгерлердің АХҚО сотының қызметі, осы салаға қандай қолдау көрсету керектігі туралы жеткілікті түрде білмейтіні анықталды. «Заң диалогтары» жобасы аясында бүгінгі вебинарды ұйымдастыра отырып, біз бұл олқылықтың орнын толтыруды шештік. Сондай-ақ, АХҚО және оның сотының тәжірибесі вебинарға қосылған көрші елдегі заңгерлердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қанат Мусин, Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев, «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Гүлмира Исимбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Дархан Біләлов «Заң диалогтары» жобасының қатысушыларына құттықтау тілегін жеткізді.

— Халықаралық орталықтың құқықтық базасы қалыптасты, бүгінде сот пен орталықтың өзге де құрылымдары маңызды міндеттерді шешуде. АХҚО-ның ерекше құқықтық режимі халықаралық қаржылық қызметтер орталығын қалыптастыруға және қызметіне үздік стандарттарды қолдануға арналған. АХҚО еуразиялық кеңістіктегі дауларды соттан тыс баламалы шешу бойынша жетекші органға айналуда. Орталықтың халықаралық төрелігі сот талқылауының баламасы бола отырып, келіспеушіліктерді тәуелсіз және жедел шешуді қамтамасыз етуге бағытталған, — деді Конституциялық Кеңестің басшысы Қайрат Мәми.

Құттықтау сөзінде «ҚазҰПУ» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Гүлмира Исимбаева «АХҚО-ға халықаралық қатысушыларды тарту үшін посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ теңдессіз жағдайлар жасалғанын» атап өтті.

Бұған қоса, ол «АХҚО туралы» Конституциялық заң «Астана» халықаралық қаржы орталығын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, қаржы саласында ерекше құқықтық режим қолданылатын Елорда шегіндегі аумақ ретінде айқындайтынын айтты. АХҚО Тәуелсіз соты және Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) қызметін 2018 жылғы 1 қаңтарында бастады. АХҚО соты ағылшын жалпы құқығының нормалары мен қағидаттарына негізделген өңірдегі алғашқы сот жүйесін танытады. Ол азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

Вебинардың спикерлері з.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, АХҚО Академиялық Кеңесінің мүшесі Бақытжан Әбдірайымов, АХҚО соты және ХТО сот ісін жүргізу департаментінің заңгері Әділбек Қазиев, АХҚО әкімшілігінің құқықтық қамтамасыз ету департаментінің басқарушы директоры Еркін Буденов, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі институционалдық реформалар департаментінің директоры Нұржан Қосбаев болды.

Өз баяндамасында олар қазіргі Қазақстанның жаңғыруын трансформациялау факторы ретінде құқықтық жүйелердің дуализмі, АХҚО және ХТО сотында дауларды шешудің практикалық аспектілері, АХҚО-ның қолданыстағы құқығын қолдану тәжірибесі, құқықтық саладағы реформаларды жүргізудегі АХҚО рөлі сынды мәселелерді қарастырды.


АХҚО сотының міндетіне қарасақ, ұйым сенімді, әділ және қолжетімді, халықаралық бизнестің талабына сай келетін заң үстемдігін қолдану арқылы азаматтық және коммерциялық дауларды жедел шешу үшін жалпы құқықтық тәуелсіз сот жүйесін құрады әрі дамытады.

Вебинарға қатысушылар АХҚО сотының юрисдикциясына АХҚО қатысушылары, АХҚО органдары және/немесе олардың шетелдік қызметкерлері арасындағы кез келген дауларды; АХҚО-да жүзеге асырылған және АХҚО құқығына бағынатын кез келген операцияларға қатысты дауларды, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша АХҚО сотына берілген дауларды қарастыру кіретінін білді.

АХҚО сотында айтылған мәселелер мен ұйым мүмкіндіктерінің толық мазмұнымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://youtu.be/97yEkAe5FX8

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз