Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
7
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

АХҚО қаржылық-техникалық нарықтағы стартаптарды қолдауға арналған ТМД-дағы бірегей алаң құрды

155

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық-техникалық хабы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің 120-дан астам стартапымен жұмыс істейді. Олардың барлығы биометрикадан бастап жанасусыз төлемдерге дейінгі цифрлық қаржылық қызметтерді ұсынуға бағытталған. Жаһандық цифрландыру дәуірінде инвесторларға кабинеттен шықпай-ақ кез келген қызметтерді көрсету және алу мүмкіндігі барынша тартымды.

Алайда, заңнамалық шектеулерге, реттеушілік әсерге және нарықтың болмауына байланысты Қазақстанда қаржылық технологиялар саласындағы барлық бағыт кедергісіз және жылдам дами алмайды. Үш жыл бұрын құрылған АХҚО-ның FinTech Lab (реттеуші құмсалғыш)  тәуелсіз реттеу ерекшелігі арқылы инновациялық қаржылық-техникалық шешімдерді тестілеуге мүмкіндік береді. Сондықтан ол тұтынушыға ұлттық заңнамамен реттелмейтін мүлдем жаңа цифрлық қаржы қызметін ұсынатын стартап-жобалар арасында танымал алаңға айналды.

Табысқа қалай жетті

АХҚО қаржылық-техникалық хабы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, сондай-ақ корпоративтік инновациялар, венчурлық капитал мен құзыреттілік орталығын қолдау бағыттарын ұсынады. Табысты акселерацияның жарқын мысалы ретінде қаржылық-техникалық хаб басшылары бірнеше стартап-жобаны келтірді.

Мысалы, Sagi – мобильді қосымшаның қазақстандық стартапының даму тарихы өте қызықты, оның көмегімен әлемнің кез келген нүктесінен қалаған уақытта Цифрлық сыйлық пен сыйлық сертификатын жіберуге болады. АХҚО-да компанияны тіркей отырып, қосымша авторлары клиенттік базаны жасап, өнімінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті, сонымен қатар

қазірдің өзінде жобаны дамытуға қомақты инвестиция тартып, АХҚО базасында инвестициялық мәміле жасасты

Қазан айында Hani кофеханалар мен торттар желісінің негізін қалаушы Нариман Шакабаев пен кәсіпкер Ержан Альмухамедов Sagi-ге 260 мың доллар салды. Осы ақшаға жобаның негізін қалаушылар Sagi қосымшасының жұмыс географиясын Қазақстанның барлық аумағына кеңейтуге ниетті.

Қаржылық-техникалық хабтың визит карточкасына айналған тағы бір жоба Verigram компьютерлік көру және машиналық оқыту технологиялары негізінде клиенттердің жеке басын растау және онбординг алаңы. Аздаған клиентпен және тестілік режимде жұмыс істесе де  бүгінде Verigram арқылы апта сайын телеком, қаржылық-техникалық және онлайн трейдингте 1 млн-ға жуық верификацияланған транзакция жүргізіледі.

«Халық банк» және Beeline ұялы операторы Verigram-ның ірі серіктестері.
Mayasoft Өзбек стартап-жобасы Visa tap to phone технологиясы негізінде жанасусыз төлемдерді қабылдауға мүмкіндік беретін Marta бірегей қосымшасын әзірледі.

Қарапайым тілмен айтқанда, Marta қосымшасымен кәсіпкердің смартфоны тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу терминалына айналады

Visa және MasterCard-пен ынтымақтастық орнату MayaSoft компаниясының үлкен жетістігі. 2019 жылы стартап-жоба АХҚО-мен бірге өткізілген Орталық Азиядағы алғашқы Visa Everywhere Initiative байқауының финалистерінің бірі болды. Өңірлік байқауда айтарлықтай жетістікке жеткеннен кейін MayaSoft стартапы FinTech Abu Dhabi халықаралық стартап-фестивалінде Emerging Markets FinTech номинациясына қатысып, іс-шараның 50 үздік стартапына кірді.

Танымал бағыттар

Аты аталған қаржылық-техникалық хаб алаңында сәтті іске асырылған үш стартап-жобаның өңірлік деңгейге шығу мүмкіндігі бар. Бизнес-идея авторлары стартаперлер арасында ең танымал B2B (Business-to-business) бағытын таңдады.

АХҚО финтех хабының стартаптарды қолдау бағдарламаларының басшысы Тарас Волобуевтің айтуынша, қаржы технология саласындағы инновациялық жобаның табыстылығы көбінесе идея авторы алғашқы дербес қадамына байланысты. Ол үшін үш компонент қажет – бастапқы капитал, кәсіби команда және үйлесімді жұмыс. Стартапқа инвесторлардың назарын аудару үшін жоба өзінің өміршеңдігін көрсетуі керек.

Тарас Волобуев

— Тарас, Қазақстанда өз бизнесін құру үшін идея авторлары өз стартапына қандай перспективалы бағыттарды жиі пайдаланады? Қандай бағыттар тұтынушылар арасында көбірек сұранысқа ие?

— Егер қаржы технологиялары саласындағы стартаптар туралы айтатын болсақ, басқаларына қарағанда сөзсіз танымал бірнеше бағыт бар.

Біріншісі — шағын және орта бизнеске қызмет көрсетуге бағытталған стартаптар. Мысалы,  ChocoFamily жобаларының бірі — «Рахмет». «Рахмет» дәмханалар мен мейрамханаларға ниеттестік жүйесін құруға —өз келушілерімен жұмыс істеуге, төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді. «Рахмет» қосымшасы маркетплейс және алдын ала тапсырыс беру құралы ретінде әрекет ете алады.

Ең танымал стартаптар бағытында бухгалтерлік қызмет саласындағы жобаны атауға болады. Бұл өнімдер де ШОБ-ға қызмет көрсетуге бағытталған. Төлемдерді қабылдауды қамтамасыз ететін компаниялар тобы да бар. Мысалы, PayBox, Wooppay.

Екінші санат — B2B (business to business) банк секторына және тұтастай қаржы жүйесіне бағытталған өнімдер. Мысалы, интернет-сәйкестендіруге мамандандырылған Verigram сияқты жоба. Банктер мен телекомпаниялар бұл өнімдерді тұтынып, клиенттерді сәйкестендіру процесін жасайды.

DigitalID жобасын да атап өтуге болады. Бұл таза қаржылық-техникалық жоба болмаса да, қаржы саласында қолданылатындықтан біз оны қолдаймыз.
Биометрияны несие беру процесінде негізгі буын ретінде қолданатын BIOMETRIC жобасы бар. Олардың несие алуға мүмкіндік беретін биометриялық банкоматтары бар, яғни клиенттің идентификациясы биометрия бойынша өтеді.

Үшінші санат —  жеке тұлғаларды мақсатты аудитория ретінде қарастыратын жобалар, B2C (Business to consumer). Мұндай жобалар Қазақстанда басқаларға қарағанда көп емес.

Қолма-қол ақшасыз экономика

— Бұл таңғаларлық екен.

— Шын мәнінде, бұған таңғаларлық жаңалық емес, оның өзіндік себептері бар. B2C нарығына арналған өнімдерді іске қосу өте қымбатқа түседі. Себебі бұл жаппай нарық. Мұндай өнімді нарыққа классикалық түрде жылжыту арзанға соқпайды.

Көптеген стартаптың мұндай жобалармен жұмыс істеуге қажет ақшасы жоқ

Сондықтан жекелеген стартаптар пайда болса да, олардың қалыпты даму сатысына жетпейді: Қазақстанда бастапқы сатыларда венчурлік қаржыландыру аз, ал команның жобаға ұзақ уақыт қаржылық қолдау көрсететін мүмкіндігі болмайды.

Заңды тұлғалар тұтынушы ретінде — бұл түсінікті және қолжетімді бизнес-модель. Шынында да, 5 миллион жеке тұлғаға қарағанда, 10 банкті айналып өтіп, оларға өз қызметін ұсыну оңайырақ. Әрине, сату циклі бір жылға созылуы мүмкін, бірақ  клиенттердің саны алдын ала белгілі болғаннан, маркетингке бюджет қажет емес. Адамдарға бұл жол оңай болып көрінеді.

Заңды және жеке тұлғаларға бірдей қызмет көрсететін жобалар бар. Жоғарыда айтқан «Рахмет» жобасы —  B2B және B2C-ге арналған . Онда бизнеске де, жеке тұлғаларға да пайдалы шешімдер бар.

АХҚО — Қазақстандағы жаңадан бастап келе жатқан қаржылық-техникалық жобаны ілгерілетуге болатын жалғыз алаң ба?

— АХҚО қаржылық-техникалық хабы— Орталық Азиядағы жалғыз алаң, ол үшін қаржылық-техникалық бағыт басты назарда. Біз өз уақытымыздың 100%-ын осы стартаптарды дамытуға жұмсаймыз, сондықтан бизнеске кірудің ең дұрыс көмекшісі және негізгі нүктесі болдық.

Біз байланыс жасайтын стартаптар коммерциялық жобалар, АХҚО олардың негізін қалаушы емес. Бұл алыс болашақтағы мүмкіндіктерді көретін жеке тұлғалардың жобасы. Біздің міндетіміз — оларға ел ішінде, тіпті одан тыс жерде жоғары жетістікке жетуге көмектесу. Осылайша Қазақстанға инвестиция тартамыз.

— Сіздерге келетін әр жобаның жұмыс істеуі үшін оның өзіндік ерекшелігі болуы керек. Көмек беретін жобаларды таңдағанда, бұрыннан танымал халықаралық аналогтар бар екенін көресеңіздер жоба авторларына басқа бағытқа баруға кеңес бересіздер ме?

—Иә және жоқ деп айтуға болады. Әрине, біз Еуропа, Азия, АҚШ-тың түрлі өңірінде қандай жобалардың табысты болатынын білеміз. Бірақ олардың барлығы Қазақстанда және біздің аймақтың елдерінде жұмыс істей алмайды, себебі біздегі жағдай мүлдем басқа. Сондықтан табысты америкалық жоба Қазақстанда да табысты болады деп айтуға болмайды.

Біз қаржылық-техникалық немесе аралас, яғни электрондық коммерция, цифрлық сәйкестендіру, маркетплейс саласындағы жобамен келгендердің бәріне көмек көрсетуге тырысамыз. Бұл таза қаржылық қызметтер емес.

Біз ауқымдырақ қараймыз, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз экономиканың дамуына әсер ететін жобалармен жұмыс жасаймыз

Стартаптың негізін қалаушыға біздің пікірімізбен санас демейміз, бірақ оларға ыңғайсыз және қиын сұрақтарды жиі қоямыз. Сол сұрақтардың жауап іздеген жоба авторы өз идеясына сенімі артады немесе оның жұмыс істемейтінін түсінеді.

Табысқа жетудің мүмкіндігі

— Бағытын ауыстыратындар көп пе?

— Өте көп, тіпті басым бөлігі деуге болады. Іс жүзінде бүкіл әлемде стартаптардың 80%-ы  ұзақ уақытқа бармайды. Бұл тек қаржылық-техникалық бағытқа ғана қатысты емес. Жобалардың 20%-ы ғана нәтижелі болады. Олар нарықтағы түрлі тауашаларда дамиды. Біреулер бастаған өнімімінің  жұмыс істемейтіні, бизнес-модельді өзгерту кере екенін түсінеді. Нәтижесінде олар шағын немесе орта бизнесті жүргізетін шағын компанияларға айналады.

Жалпы, стартаптарды құру мақсаты мүлдем басқа болады. Әлемде стартаптармен жұмыс қалай құрылған? Бұл инвесторлар мүмкіндігінше көп пайда табу үшін ақша салатын құрылымдар. Яғни, болашағы бар, үлкен жобаға мүмкіндігінше ертерек кіріп, оған шартты доллар салып, 50 немесе 100 пайда алыңыз. Бірақ олар тез арада өсіп,  аймақтан тыс жерлерге шығып, монетизация мен өсудің нақты моделіне ие болуы керек.

Жобалардың 1%-ға жетер-жетпес бөлігі миллиард доллардан тұратын бірегей  стартаптарға

немесе жүздеген миллион долларды капиталдандыратын өте қымбат стартаптарға айналады. Яғни, санаулылары ғана үлкен табысқа жетеді.

— Қазақстанда осындай перспективалы идеялар бар ма?

— Қазақстанда бар нәрсенің бәрі қандай да бір түрде басқа елдерде де бар. Көбінесе ерекше ештеңе жоқ. Алайда, аймақтағы басқа елдерге қарағанда танымал өнімдер бар.

Мысалы, «Рахмет».  Көрші елдерде оның аналогы жоқ. Осыған ұқсас бір нәрсе бар, бірақ Қазақстанда жасалғаны, шын мәнінде, белгілі бір дәрежеде Қазақстан үшін бірегей жоба. Стартаптар тез өсуі үшін оларға инвестиция салу қажет. Идея авторларының  кәсіпкерлік дағдысы өте күшті болуы керек, сондай-ақ шетелдік нарыққа шығу мүмкіндігін ескерген жөн. Жергілікті, таза қазақстандық жоба көбінесе қымбатқа түспейді. IPO Kaspi сәтті қаржылық-техникалық жоба қанша тұратынын көрсетті. Бірақ Kaspi — басқа саланың ойыншысы, бұл стартап емес, жүйені қалыптастыратын банк.

— Стартаперлеріңіз жергілікті нарықтан тыс жерлерге қалай шыға алады?

— Табысқа жетудің бір жолы —  шетелдік нарыққа шығу. Ол үшін шетелдік акселератормен байланыс орнату керек. Біз өзіміздің акселерациялық бағдарламамызды жасау – жергілікті тарих екенін түсінеміз, бұл табысқа жетуде жеткіліксіз болады.

2020 жылы біз шетелдік акселераторлармен бірнеше рет серіктес болдық. Біз қазақстандық және Орталық Азиялық жобаларға олардың бағдарламаларына енуге көмектестік

Мысалы, Дубайда. Фаундерлер үшін бұл заттарға жаңа көзқарас, жаңа тәлімгерлер және жаңа серіктестер. Осындай бағдарламаны аяқтағаннан кейін, олар «жергілікті шырынға пісірілгендерге» қарағанда әлдеқайда күшті болады. Әрине, бұл ешкімге ешқандай кепілдік бермейді. Стартап міндетті түрде табысты болады деп айтуға болмайды. Бірақ халықаралық акселерация бағдарламалары — біздің көмегіміздің бір элементі

Идея, ақша, команда

— Жаңадан келгендердің АХҚО алаңына кіру алгоритмі қандай? Оның қанша ақшасы болуы керек? Қандай командасы болуы керек?

– Шын мәнінде, АХҚО-ға келгенге дейін стартаптың негізін қалаушы айтарлықтай күрделі үй тапсырмасын орындауы тиіс. Яғни, ол өз өнімін кім үшін жасайтынын,  өнімге нарықта сұраныстың бар-жоғын, нақты не істегісі және кіммен жұмыс істегісі келетінін түсіну керек. Ол бізге  өңделмеген идеямен келіп, көмек сұраса, ештеңеге көмектесе алмаймыз. Бір ғана идея жеткіліксіз болады. Қаржылық-техникалық сала — қымбат және күрделі сала екенін түсіну керек. Қалай болғанда да, команда, интеграция және сертификаттау қажет. Әр кезең қандай да бір көлемде, кейде көп ақшаны талап етеді.

— Қаржылық-техникалық стартапты бастау үшін қанша капитал керек?

— Егер бейнелі түрде айтатын болсақ,  100 мың доллар қаржы болмаса жобаны бастаудың мағынасы жоқ. Себебі бағдарламашылар, сертификаттау, команда қажет болады. Тіпті бес адамның жалақысына айына тек 10 мың доллар кетеді.

Егер кәсіпкер көпке белгілі адам болмаса,  индустрияда таныстары жоқ болса, инвесторлардың ешқайсысы оған ақша бермейді

Біраз уақыт, тіпті бір жыл немесе одан да көп уақыт бойы ол өз бюджетіне минималды өнімді құрып, оны инвесторларға көрсетіп, миллиондаған клиенттерге сатуға болатынын дәлелдеуге мәжбүр болады. Сонда ғана ақша таба алады.

Егер жоба авторының арзан, ақысыз немесе жобадан өз үлесін алып біраз уақыт жұмыс істеуге дайын командасы болса, онда жобаны бюджетсіз бастай алады. Дегенмен, бір жылдан кейін сыртқы инвестицияларды тарту қажет.

Бастапқыда көп ақшасы болмаса да, өз жобасына көп инвестиция тарта алған қанша сәтті жобалар бар?

— Біз жұмыс істейтін стартаптарды бағалау жария түрде өтпейді. Инвесторлар ерте кезеңдерде белгілі бір стартапқа салынған соманы жария етпейді. Кейінгі кезеңдерде, жобаға назар аударған кезде ғана сандар белгілі болады. Бірақ көбіне құпия түрде қалады.

Жалпы алғанда, Қазақстанда және ТМД-да,  қанша қаржы салғанын жарнамалауды ұнатпайды. Инвестиция салғанын айтса да,  олардың мөлшері мен үлесі белгісіз болады.

2019 жылы біз Visa Everywhere Initiative бірегей жобасының серіктесі болдық, оған көптеген стартап жоба қатысты. Мысалы, біз алғашқы кезеңнен бастап жұмыс істеген өзбекстандық Marta жобасы бағдарлама финалистерінің бірі болды және қазіргі уақытта Өзбекстандағы банкпен бірге жобаны іске қосып жатыр және Visa және MasterCard төлем жүйелерінде сертификаттаудан өтті.

Marta —  табысты жобалардың жарқын мысалы, Дубайдағы Startupbootcamp акселлераторына қатысқан жобалардың бірі.  Marta қазір кем дегенде аймақтық деңгейдегі сәтті стартап болуға үміттенетін нарық ойыншысы.

Реттеуші орта

Қаржылық-техникалық бағыт жеткілікті ресурстарды және стартап-жоба авторларының практикалық тәжірибесін талап ететіндіктен, оны іске асыру үшін қолдау бағдарламалары қажет. Дегенмен, мұнда бәрі классикалық бизнес сияқты. Компания кірістілік деңгейіне жетпес бұрын, ол аяққа тұрып, «бұлшықет массасын» жинап, клиенттерді тартуы керек.

Қаржылық-техникалық бағытта жаңа өнімдерді жылжыту одан да қиын, өйткені олардың сұранысқа ие боларын алдын ала болжап біле алмаймыз. Бірақ бұл тырысып көруге болмайды деген сөз емес. Сондықтан қаржы технологиялары саласындағы инновациялық стартап-жобаларды тестілеу үшін АХҚО-да FinTech Lab (реттеуші орта) жұмыс істейді. Ол қазірдің өзінде ондаған перспективалы идеяларға дем берді.

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің қаржылық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Асылбек Дәулетов оның қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

Асылбек Дәулетов

— Асылбек, АХҚО алаңында әрекет ететін ерекше реттегіш режим туралы толығырақ айтып берсеңіз?

— Бұл жерде ұлттық реттеушілердің тәсілдерін және қазіргі уақытта АХҚО ұсынатын реттеу режимін нақтылап алғанымыз жөн болар.

Қаржылық-техникалық бағыт пайда болғанға дейін Ұлттық реттеушілердің жұмыс күн тәртібі қаржылық қызмет саласындағы стартап-жобалармен өзара байланыс жасауды көздеген жоқ. Оның бірнеше себебі бар, олар:  тәуекелдің жоғарылығы мен ресурстарды тұтыну. Алдымен лицензия беру керек, содан кейін осы компаниялардың қызметін реттеп, бақылап, қадағалау қажет.

Қаржылық-техникалық бағыттың маңыздылығын ескере отырып, АХҚО алаңында FinTech Lab арнайы реттеу режимі құрылды

Қазір ол «реттеуші орта» ретінде танымал. Бүгінде әлемнің 20-дан астам елі осындай режимді енгізді.

Сонда балалар құмсалғышына ұқсас, яғни  тәжірибесі, білімі жоқ балалар құм қазады, ал сіздер оларға ойын ережелерін үйретіп, қорғайсыздар ма?

— Солай деуге де болады. Құмсалғыштың төрт жағында шекарасы бар. Балалар құмсалғышқа кіргенде, оларға: «тек осында ойна, құмды сыртқа шығарма және біз саған құм мен қажетті құралды бердік енді өзің қалаған нәрсені жаса» дейді.

Неліктен оны реттеуші орта деп атаймыз? Қаржы саласындағы инновацияларды тестілеу мақсатында біз эксперименттің параметрлерін анықтаймыз және АХҚО-ның ағымдағы заңнамасын жеңілдетеміз, ол құмсалғышқа қатысушының жаңа қызметті енгізуін шектейді.

Құмсалғыш ықтимал қауіптерді азайтуға көмектеседі ме?

—Иә. Мысалы, негізгі аспектілердің бірі —тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Әрбір жобаға транзакцияға арналған лимиттер мен клиенттер саны, тұтынушылардың құқықтарын қорғау шаралары сияқты жеке параметрі мен шектеулері бар арнайы құқықтық орта – «құмсалғыш» құрылады.

Мысалы, компаниялар өз сайтында және клиенттермен жасайтын келісімшарт талаптарынада  құмсалғыштың қатысушылары екенін және олар көрсететін қызметтер тәкеукелді екенін көрсетуге міндетті. Яғни, тұтынушыларға қызмет көрсетілгенге дейін қандай да бір қауіп туралы хабарлау керек.

Жекелеген жағдайларда біз компаниялардан олардың міндеттемелерінің көлеміне қарай кепілдік беруін талап етеміз. Мұндай кепілдіктер клиенттер алдында туындайтын міндеттемелердің барлық сомасын қамтамасыз етуге тиіс.

Кепілдіктер әртүрлі, мәселен банк кепілдігі болуы мүмкін. Ал құмсалғышта «еншілес компания» болса, бас компания кепілдік береді. Компаниялар өз кепілдігімен қаражат ұсына алады. Шындығында көптеген нұсқасы бар. Сонымен қатар, стартаптардың өздері кепілдіктің балама түрін ұсына алады. Қарастыру кезінде  АХҚО қаржы реттеушісі олардың тиімділігін көрсе, келісім беруі мүмкін.

Осылайша, біз тәуекелді азайтамыз, яғни компанияға бірдеңе болса, стартап-фирмаға қатысты жеке шектеулер қандай да бір жүйелік тәуекелдер мен шығындардың алдын алады

Бұл ретте шектеулер әрқашан стартаперлердің өз тәуекелдеріне жауап беру мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.

Үш кезеңді қолдау режимі

Барлық қатысушыларға бірдей талап қойыла ма? Бұл жаңа немесе белгілі бір жетістікке жеткен стартап болуының маңызы бар ма?

— Құмсалғышта үш режим бар. Біріншісі — өсіру режимі. Бізге инновациялық стартап емес, барлық талаптарға бірден сәйкес келе алмайтын перспективалы стартап келді делік.

Біз мұндай жобаларды жұмысқа жібереміз, оларды 1-2 жыл ішінде біртіндеп «өсіреміз», ал құмсалғыштан шыққан кезде олар реттеушінің классикалық лицензиясын оңай ала алатын толыққанды қаржы институтына айналады.

«iKapitalist» стартап компаниясын мысалға келтіруге болады, ол реттеуші краудфандинг бойынша талап қойған кезде құмсалғышқа қабылданды.

Екінші режим — қызметі АХҚО актілерімен немесе ұлттық заңнамамен реттелмейтін жобалармен жұмыс. Криптобиржны атауға болады. Мұндай стартаптардың авторларына біз тиісті заңнама пайда болған кезде 1,5-2 жылдан кейін оралуды ұсынамыз.

Бірақ реттеуші құмсалғыш Қазақстанда ерекше, мүлдем жаңа және, мүмкін, бірегей бизнес бағыттарын дамыту үшін жасалған

Бастапқыда біз ұсынылатын қызметке қойылатын негізгі талаптарды белгілейміз. Криптобиржа құмсалғыштағы қуатын арттырып жатқанда, біз оның қызметі мен ықтимал қауіптерін зерттей отырып, оған арналған заң әзірлейміз. Яғни, заңнама теориялық біліммен емес, өмірден алынған жағдайдың негізінде дайындалады.

Бұл заң қабылданғаннан кейін сіздердің құмсалғышыңызда ғана емес, бүкіл ел аумағында қолданылатын бола ма?

—Біздің юрисдикциямыз елорданың сол жағалауымен шектелген. Бірақ жалпы АХҚО-ны ұлттық, өңірлік реттеушілер бір үлкен құмсалғыш ретінде қарастырады. Біз криптобиржаның қызметін реттей бастағаннан кейін, 2020 жылы ұлттық заңдарға түзетулер енгізілді, онда олар сандық активтердің құқықтық мәртебесі мен жұмыс механизмдерін бекітті.

Біздің тәжірибемізді ескере отырып, сондай-ақ Ресейде, Беларусьте, Өзбекстанда және өңірдің басқа да елдерінде заңнамалық актілер әзірленуде. Бір жағынан, құмсалғышқа, екінші жағынан,  тәжірибесі жоғары аймақтық генераторға айналдық. Бұл  өз жолыңмен жүріп, түрлі сыннан өтіп, қате жібергенге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы және тиімді.

Біз тәжірибесі жоқ бағыттарды реттеуді қалай тез арада жүргізуіге болатынын нақты көрсете алдық. Екі нұсқасы бар: біреуі осы бағытта басқалардың жұмыс істеп,  жол салуын 5-10 жыл күту, кейін оның тәжірибесін қолдану немесе өзіңіздің соқпақ жолыңызды салу. Біз криптобиржаға, цифрлық банкке, блокчейн және краудфандинг технологияларындағы инвестицияларға қатысты дәл осылай жасадық.

FinTech құмсалғышындағы үшінші реттеу режимі туралы айтып берсеңіз?

— Ол  басқа елдерде игеріліп, онда табысты іске асырылып жатқан жаңа қызметтерді Қазақстанда дамытуға қатысты. Мысалы Қазақстанда краудфандинг 2019 жылға дейін реттелмеді. Бізге краудфандингтік қызметке шетелдік реттеушілердің лицензиясы бар жұмыс істеп тұрған компаниялар жүгінген жағдайлар да болды. Олар бізден Қазақстанда осы қызметті көрсету үшін лицензия алғысы келді. Бірақ АХҚО-да тиісті реттеудің жоқтығынан біз оларға өзіміздің реттеуші құмсалғышымыз арқылы тестілік режимде операция жасауды бастауды ұсындық, бұл олардың талаптарына сай келмеді. Олар жұмыс істейтін өнімі бар  тәжірибелі компаниялар еді және олардың сынақтан өткізетін өнімі болмады.

Мұндай компанияларға біз үшінші режим — «даму режимін» әзірледік, ол оларға шетелдік лицензияларын тану, АХҚО-да өз филиалын құру арқылы және клиенттер саны мен транзакциялар көлемі бойынша шектеусіз арттыруға, Қазақстанда өз қызметін іске қосу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Бізге келетін тәуекел төмен болады, өйткені филиалдың қызметіне әрқашан бас компания  жауапты болады. Ол өзінің ұлттық реттеушісіне және филиалға да есеп береді.

Есесіне АХҚО алаңы арқылы шетелдік қаржы институты қазақстандық нарықтағы өзінің қолданыстағы бизнес-үлгісін байқап көре алады

Біздің нарыққа кірудің осындай жеңілдетілген тетігі арқылы олардың инновациялық өнімдері қаншалықты қажеттілікке ие болатынын «тексеріп», мұндай компаниялар кейіннен еншілес компания ашып, оған толық лицензия ала алады.

Икемді тәсіл

Сіздің құмсалғышыңыздың ауқымы қандай? Сіз бір уақытта қанша жобаны басқара аласыз? қандай да бір рекордты көрсеткіштер бар ма?

— Құм жәшігінде ешқандай шектеу жоқ, өйткені егер компаниялардың саны өсіп жатса, бұл біздің ұсынылған режиміміздің тиімді және сәйкесінше бизнеске тартымды екенін білдіреді. Нарықтың құмсалғышқа қызығушылығының жоғары екенін байқасақ, қызметкерлер штатын қайта қарап, оның жұмыс істеуін қолдау үшін көбірек ресурс бөле аламыз. Бұл өте икемді тәсіл.

Рекордтарға келсек: біздің өңірде АХҚО құмсалғышы — қазақстандық, ресейлік және қырғызстандық қаржы реттегіш аналогы болғанына қарамастан, жұмыс істеп тұрған жалғыз құрал

Бірақ олардың бәрі қағаз жүзінде қалады, қатысушылары жоқ. Бізде қызметтің жеті түрін көрсететін 10 юрисдикциядан тұратын 30 компания қабылданды.

— Сіздер жобаны жұмысқа қандай принцип бойынша қабылдап, қандай жобадан бас тартасыздар? Бір көргеннен идеяның табысқа жетпейтіні түсінікті болса да, өз дегенінен қайтпайтын авторлар бола ма?

— Бірінші реттеуді 2017 жылдың мамыр айында қабылдадық. Ол кезде біз қаржылық-техникалық құмсалғыш саласына жаңа келгендіктен, ол өте икемді болдық.  Біз IT-шешімі жоқ бірнеше стартап-жобаларды қабылдаған кездер болды. Бұл  жобаның заңды сенімділік болмағандықтан, инвестиция салғысы келмеуіне байланысты болды. Нәтижесінде мұндай жобалар ешқашан «тірі ортаға» шықпады, тек IT-шешімді әзірлеумен айналысты.

Нәтижесінде, 2018 жылғы наурызда біз өз ережелерімізді қайта қарадық. Жобаларға қойылатын нақты критерийлерді белгіледік. Атап айтсақ, міндетті түрде  командасы және іс жүзінде тестілеуге дайын IT-шешімі, сонымен қатар компанияның құм жәшігінде болған кезеңде шығындарын жабуға қажетті қаражаттың болуы. Яғни, біз тест қызметін ертең-ақ бастауға дайын, бірақ лицензияның жоқтығы кедергі болған адамдармен жұмыс істегенді жөн көреміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз