Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ағылшынтілді мұғалімдердің жалақысы 35 мың теңгеге артатын болды

Осы оқу жылының өзінде мыңнан астам мұғалім біліктіктілік курсынан өткен. Ағылшын тілін оқыту курстарының мерзімі 3 айдан 10 айға дейін жалғасты. Жалпы, 30 мыңға жуық мұғалімге ағылшын тілін меңгерту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап елімізде үш тілді білім беру жүйесі енгізіледі. Бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-қадамын іске асыру мақсатындағы әрекет болмақ. Онда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу туралы айтылған. Жаңа жүйе білім саласының экспорттық әлеуетін көтеруді көздейді.

„2013 жылдан бастап, бірінші сыныптарда ағылшын тілін пән ретінде енгізгенбіз. Былтырдан бастап, ол 1 сағатқа көбейді. Сондықтан біздің оқушылар физика, химия, биология, информатика пәндерінен ағылшын тілінде білім алуға дайын деп есептейміз„,- деді ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз