Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Ағайынды төртеудің” ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеде аштық жариялады

“Оны ҰҚК қызметкерлері карцерге жауып тастаған. Жатқан жерін тінтіп, төсегін шашыпты. Егер ол тергеу изоляторының тәртібін бұзып, карцерге қамалса, мұны түсінер едік. Ол кезде туыстарынан тамақ та қабылданбайды екен. Мен сенбі күні оған сәлемдеме апарған едім. Алайда ол тамақ ішпеді, содан бері ас-судан бас тартып жатыр. Ол қатты қорқып қалған. Тіпті, тамағына у қосып бере ме деп қорқады”,-дейді апасы.

Тергеу органдары Қалдымұрат Қартжанға Қылмыстық Кодекстің 6 бірдей бабы бойынша айып тағуда. Оның ішінде “суық қаруды заңсыз тасымалдау немесе алып жүру” , “билік өкіліне мойынсұнбау”,”адам ұрлау”, “ақша бопсалау”, “мұнайды заңсыз тасымалдап,сату ” және “ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу” баптары бар.

Сурет: aktobetimes.kz

“20 желтоқсан күні сотта інімді ұстаған сәтте түсірілген видеоны қарадық. Онда інімнің қарсылық көрсеткені мүлдем түсірілмеген. Полицейлер операцияға арнайы дайындалды ғой?! Барлығын неге бейнекамераға тіркемеген? Оны мал құрлы көрмеген. Қол аяғын басып, үстінен таптаған. Ал травматикалық қаруды оған өздері лақтырған. Оны Нұрлан Дуйманов деген жігіт өзін қорғау үшін алған екен. 2015 жылы ІІМ-не тапсырыпты. Мұны қылмыстық істің құжаттарынан таптық. Інім кезінде тентектік жасаған шығар. Бірақ ешкімге жөнсіз тиіскен емес. Балалардың арасында “разборка” болған шығар. Оны қылмыс жасады деп ойламаймын. Ол Еркін Ізбасарды таниды, өйткені спортпен айналысқан. Бірақ “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобына қатысы жоқ”, -дейді Самал Қартжан.

33 жастағы жігіт өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен. Пластикалық терезе жасап, тас төсеумен айналысқан. Үйленген, екі кішкентай баласы бар. Айта кетелік, қазір Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мұнай ұрлығы үшін айыпталған 26 адамнан жауап алынып жатыр. Бұған дейін сотта прокурор оқыған айыптау актісінде “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобының белді мүшесі ретінде Қалдымұрат Қартжанның есімі аталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз