Нағима Есентаева бүгінде ел назарынан тыс қалған ағасы Бақытбек Есентаевты туған күнімен құттықтады. Қамауда отырған жалғыз ағасына ол жүрекжарды тілегін арнап, ұлды болуына тілектестік білдірді.
Ағасына деген ақ жарма тілегін ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазған, -деп хабарлады NUR.KZ.
“Бүгін сен өмірге келген мамыражай мамырдың шуақты күні, ағатайым менің! Алдағы өмірің мәнді де сәнді, ғұмырың ұзақ болсын, асқар таудай ағатайым менің. Мен саған сенемін. Сенің әлі алар белестерің көп, бақытты күндерің алда.
Алла қаласа, ат байлар ұлды да боласың.
Сен асқақ арманы бар, мейірімге толы жүрегің кең, пейілі таза, ниеті түзу, ақкөңілділігіңмен маңайыңдағы жандарға жақсылық сыйлаған жансың, алтыным менің”, – деп жазды ол.
https://kaz.365info.kz/kuager-bolgam-nagima-esentaeva-bakhytbektin-esh-zherde-zhariyalanbagan-suretterin-korsetti-288730
Жазбасының соңында ол бауыр туралы әдемі жыр жазып қойды.
Қарындасының ағасына деген жүрекжарды тілегін оқыған оқырмандар да өзіне тілектерін жаудырып, Бақытбектің аман-есен жақындарына оралуына ниеттес екендерін айтты.
Айта кетелік, бір апта бұрын Бақытбек Есентаевтың тұңғышы Айсәуле Бақытбектің туған күні болған. туған күнінде қызға жігіті неке жүзігін тағып, сөз салған.
Осындай қос қуанышы бар сіңлісін Нағима Есентаева назардан тыс қалдырып, құттықтамады да.
Ол күні желідегі жеке парашасында мектеп бітіргелі жатқан өзінің қызымен түскен суретін жариялап, оған ақ жол тілеген. Қызын құттықтамаса да ағасының өзін құттықтауды ұмытпапты ол.
https://kaz.365info.kz/kim-ne-dese-o-desin-bakhytbek-esentaevtyn-kharyndasy-agasy-turaly-shyndykhty-ajtty-foto-252127
Соған қарағанда тәтесі сіңлілеріне қатты өкпелі секілді.
Жазбамен қоса Нағима Есентаева ағасының жас күніндегі суретін салып, жалғызбасты қыз-келіншектерді дегбірсіздендіріп,тағы бір дүрліктіріп қойды. „Неткен сұлу„, „Баян сұлу ма десек, ағаңыз одан өткен сұлу болыпты ғой„ деп жазып жатыр желідегілер.
Бұдан бөлек, ағасын тағы үйлендірмек қарындас ниетінің таза болғанымен, оған Бақытбек келісе ме деген ойды да желідегілер ортақ талқыға салыпты.
„Сонда оларды ұмыт деп отыр ғой. Онысы дұрыс емес енді. Сағынып, елегізіп отырған адамға мұндай сөздер қиын тиетін шығар, ренжіп қалмасын. Бұл жағын ағаңыз енді өзі шешеді„
деп жазыпты бір желі қолданушысы.
https://kaz.365info.kz/aparyp-berinder-abakhtydagy-bakhytbek-esentaev-kharyndasyna-tosyn-syj-zhasady-foto-292174