Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әділеттілік қайда? Не істемек керек?

147

Әлгі профессор Лэйрд Андерсон мырза газеттерге мақала жариялатып, қаламақы алып тұрады екен.

Табысы да әжептәуір. Газеттің 200 жолынан тұратын бір шолуы үшін 900 доллар алатынын айтқан.

Оның сыртында, белді телеарналарға берген сұхбаттарына, ток-шоу және өзге де танымдық бағдарламаларға қатысқаны үшін де гонарар алады екен. 

Ал, егер де бізде дәл солай болса, Қазақстанда менен бай адам болмас еді. Өкінішке қарай біздің көбіміз қоғамға тегін қызмет көрсетеміз.

Мақала жазамыз, телехабар, радио бағдарламаларға қатысамыз, әңгімеден бастап, романға дейін еңбегімііз болады, бірақ, ештеңе алмаймыз.

Монография, оқулық, романдарымызды жарыққа шығарып берсе болды, соқыр тиын алмасақ та алғыс айтамыз. Көркем шығармаларымыз үшін баспахана бізге емес, керісінше, олар бізден ақша сұрайды.

Сонда, мұнымыз түрмедегі жазасын өтеушілерден қаншалықты айырмашылық?
Қысқасы, біздің елде адал еңбектің ешбір құны жоқ.

Ал, оның есесіне мемлекеттік жоғары лауазымда жүріп, бюджет қаржысын ұрлағандардың жағдайы сұмдық жоғары, шіріген байға айналған.

Олардың елдің ең ірі екі мегополисінде, шетелдерде бірнеше виллалары мен зәулім сарайлары бар. Әділеттілік қайда? Не істемек керек?

Әрине, тиімсіз артық ірі аппараттарды барынша қысқартып, нақты іс атқарып жүргендерге ғана ақша төлеу керек.

 

Қуандық Шамахайұлы,

Фейсбук парақшасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз