Интернетте ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Қырғызстандағы жағдай туралы пікір білдірген тизер жарияланды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Әлеуметтік желіде 2011 жылы Қырғызстандағы революцияға арналуы ықтимал деректі фильмнің анонсы тарап кетті. Оның трейлерінде қару қолданған құқық қорғау қызметкерлерінің халықпен қақтығысы бейнеленген. Бұл роликте осы оқиғаға Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пікір білдіріп жатыр.
«Айтарлықтай қауіп болды. Бұл, әрине, еліміздің қауіпсіздігі, қорғаныс қабілеті жағынан бірден қауіп төндірді. Біздің шекарамыз өте жақын…», – деп пікір білдірген видеода Әділбек Жақсыбеков.