Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева пластикалық ота жасататынын мойындап, осы күнге дейін неге тұрмысқа шықпағанын айтты.
Бұл туралы Роза Рымбаева “Время” басылымына берген сұқбатында айтты.
Әншінің пікірінше, пластикалық ота кез келген актриса үшін қажеттілік.
– Жас келіп, әжім түсіп, тері салбырай бастағанда кез келген актриса пластикалық отаға жүгінеді деп ойлаймын.
Бетін тарттырып, әжімнен құтылғысы келсе, онда тұрған не бар?..
Қазір мұны кез келген әйел жасаттыра алады. Бұл біреуге әдемі көріну үшін емес, өз-өзін сыйлайтын әйел солай етеді деп ойлаймын. Бұл – жаңалық емес, қажеттілік, – дейді әнші.
Роза Рымбаева өзін күйеуге тиеді деп ойлап, соны күтіп жүргендер қателесетінін айтады.
“60-қа келгенде менен сондай жаңалық күтесіздер ме? Олай бола қоймас, өйткені, өкінішке қарай, өмір жолымда өзіме лайықты азаматты кездестірмедім. Ал арнайы жігіт іздеп, әлдебіреуді үйге кіргізіп алу ойыма кіріп те шықпапты. Мен тек ұлдарымның жайын ойладым.
https://kaz.365info.kz/aj-khajdam-roza-rymbaeva-dimash-turaly-ne-degenin-bilesiz-be-257782
Дегенмен әйел ретінде талай рет ер адамның қолдауына зәру болғанымды жасырмаймын. Енді тағдыр жазбаған екен, қайтемін, амал қанша?
Қазір шығармашылықпен айналысып, үнемі гастрольде жүремін.
Лев Лещенко, Полад Бюль-Бюль-оглылармен бір сахнада ән салып, кеше ғана Түркмениядан оралдым. Әлі де бұрынғыша Ротарумен, Алламен және тағы басқа замандас танымал әншілермен бірге өнер көрсетіп жүрмін. Жалпы бұрынғы кеңестік елдерге Қазақстанның өкілі ретінде шақырғанда өзімді бақытты сезінемін”, – дейді Роза Рымбаева.