Германияда профессор Герберт Лутц бастаған археологтар командасы адамзат тарихын қайта жазуға себеп болады деген тістер жиынын тапты.
Бұл туралы Deutsche Welle жазды.
Осылайша алғашқы адамдар Африкада пайда болған және сол жақтан Жер шары бойынша таралған деген теория қайта қаралуы мүмкін. Қазіргі уақытқа дейін адам тегі Африкада пайда болған теория ақылға қонымдысы болып келген.
“Қиялға тым берілгім келмейді, бірақ адамзат тарихын бүгіннен бастауымыз керек сияқты”, – деп мәлімдеді Майнц мэрі Майкл Эблинг осы оқиғаға байланысты өткен баспасөз мәслихатында.
“Бұл тамаша жетістік, бұл ұлы жұмбақ”, – деп келтіреді профессор Герберт Лутцтың сөзін “Моя планета”.