Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

“Адамды жер қылмаңдаршы”. Дана Нұржігіт Малахов туралы не дегенін білесіз бе?

277

“Малаxовтың миллиондары «Малаxов «1-каналдан» кетеді екен…» Сенсация!
Малаховтың алғаш эфирге шыққаны менің де есімде. Көрерменді бірден баурап алатын тартымдылығы, шынайылығы, ешкімге ұқсамайтын стилімен ерекшеленген тележүргізуші. Ол 1992 жылдан бастап эфирде екен. Өзіммен салыстырсам, мен 1994 жылдан бері тв саласындамын. Бізге дейін қазақ телевизиясында жарқын есімдері жатталып қалған Рабиға Аманжолова да, Нұртілеу Иманғалиұлы да, жақында эфирге оралған Қымбат Досжан да…

Бәріміздің табысымызды қосқанда Малаxовтың жылына табатын 1,2 млн-на өлсек те жетпейді. Ол біздің біліктілігіміздің төмендігінен емес екенін анық білем. Малаxовты алты орап алатын қауқарымыз бар. Мен мұны шегелеп айтам! Түсінген адамға мәселе рыноктың ауқымында, тележурналист, тв-жүргізушілерінің статусында. (мәртебесі). Арналардың өз «жұлдыздарын» қоя біліп, соларды өсіре білуінде. Қоғамдық санаға әсер ететін сөз айтатын тұлғаны тұлға етіп,соны өз дәрежесінде көтере білуінде. Кеше ғана эфирдің төрінде отырған, бүкіл арнаның «келбеті» болған аға буын журналист, тележүргізушілерді оңды-солды лақтырып, эфирден алып тастап жатқанын да көрдік. Сол солақай саясаттың құрбаны өзім де болдым бір кезде. Шығармашылық адамның табиғатымен санаспай, ұсақ интригалардың кесірінен қаншама мықты кадрларды далаға тастады!
Қазір жағдай өзгере бастады. Оны көрермен де байқап отыр. «Ұлттық арна», «Хабар» орта буынды эфирге қайта әкеліп жатыр.

Малаxовқа оралсам:

«Малаxов «1 каналдан» кетеді екен» деген xабар бүкіл ТМД, «русский мир» үшін сенсация болып жатыр. Қоғамдық санадағы тележүргізушінің рөлін осыдан-ақ біле беріңіз. «Пусть говорят» 2005 жылдан бері эфирде екен, «Поле чудес» өткен ғасырдан көрерменмен бірге. Марқұм Влад Листьев – сол xабардың алғашқы жүргізушісі – қазіргі Леонид Якубовичке xабар тізгінін беріп, өзі ашқан бағдарламадан кеткенде жұрттың оны қимастықпен шығарып салғаны әлі есімде. Ал, біздің эфирде 20 жыл тұрақты жүрген xабарды білесіз бе?

Жоқ! Біз тв-ге «оңай келіп,оңай кетеміз!» Кетеміз демейміз, бізді оп-оңай жаба салады! Мұндай жағдайда қоғамда тв-тариx,тв-тұлға,тв-кумирлер қалай қалыптасады, айтыңыздаршы! Әлде соған тұрарлық білімді, білікті, өзі де, сөзі де ерек азаматтар жоқ па?!

Қазақтың ішінен Ларри Кинг, Опра Уинфри, Познер, Дроздов, иә Сенкевич, иә Бовиндер шықпайды дегенге сенгім келмейді менің! Соңында айтарым: өзімізді өзіміз бағалай білейік! «Малаxовтай болу қайдааа…» деп өз мамандарымызды жер қылмай!
P.S. Дегенмен, миллиондарға келгенде: «Малаxовтай болу қайда…» оның қасында біздікі таза энтузиазм, мамандыққа деген маxаббат пен адалдық”. сіз не дейсіз, оқырман?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз