Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Адамдар безбүйрек болып барады

163

«Алтын Орданың» қасынан өтіп бара жатқанда тура көз алдында авария болыпты. Ішіп алған біреулер қасы бетке шығып кетіп, «Кианы» кеп соққан.

Қатты соққаны сонша, әлгінің сарт ете түскен дауысынан құлағым бітеліп қала жаздады дейді. Мәшиненің моторы бір жаққа ұшып кеткен. Маңайдың бәрі у-шу. Мәшинесін қоя салып көмектесейін деп жүгіріп барса, жаңа ғана авария болған жерге едәуір адам жиналып қалыпты.

Кейбіреуі не істерін білмей мәңгіріп тұр. Қалғандары түк көрмегендей соткасына түсіріп жатыр. Тағы біреулері мерседестегілер кінәлі деп, қатты қиналып жатқан адамға қарап күліп тұр дейді. 

Өзі әрең дегенде жедел жәрдемге қоңырау шалып, мәшинедегі қысылып қалған жігітке көмектескісі келгенімен, алып шыға алмапты оны.

Үй өртеніп жатса, біреу суға батып бара жатса, көмектесудің орнына соны қызық көріп, соткасына түсіріп тұратын міскіндерге күлуші едік, тура сондай әдет бізге де келіпті.

Мұндай кезде қарап тұрмай, жүгіріп барып көмектес. Ондайға жүрегің шыдамайды екен, жедел жәрдем шақыра бер. Бір жағына шығуың керек. Ертең сол жағдай сенің басыңа да келуі мүмкін. Адамның күні адаммен деген ғой. Сен сөйтіп аварияға түсіп қалғанда біреу сені дәл солай соткасына түсіріп тұрса, ұнай ма саған? Түк көрмегендер ғана сөйтеді.

Осындай жағдайда адамға қалай көмектесуге болады, қайтіп құтқарып қалуға болады – осындайды мектептен бастап үйрету керек сияқты.

Оқушы кезінен бастап бәрін оқытып, үйретіп жібермесең, қызықтап қарап тұрғаннан басқа түк те білмейтін мақұлықтар көбейіп бара жатыр!

Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз