Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Адам шошиды…”. Жанар Айжанованың қызы “бұзылып” кетіпті (видео)

332

https://kaz.365info.kz/zhanar-ajzhanova-toj-zhasap-kyjeuin-korsetti-foto-video-300992

«Ендігі мен Тыртық емес, Шерханмын. Шығармашылық қой енді», – деп жазды Айжұлдыз Адайбек Instagram парақшасында.

Желі қолданушыларының кейбірі Айжұлдыздың мұндай образынан шошып қалды.

https://kaz.365info.kz/super-bi-zhalanayakh-bi-bilegen-zhanar-ajzhanova-100-dollar-ytyp-aldy-video-297175

Алайда пікір қалдырушылардың дені бойжеткеннің шеберлігіне тәнті болып, жағымды пікірлер легін жаудырды. «Өз ісінің шебері», «Хэлоуин мерекесінің өтіп кеткен өкінішті», «Қашан да позитивті әрі көңілдісіз. Таңғалдырудан шаршамасыз», «Шығармайтыны жоқ», «Анаң мына түріңді көріп: «Мені бояндырмашы», – дейтін шығар», – деп жазды пікір қалдырушылар.

https://kaz.365info.kz/yyat-eken-zhanar-ajzhanova-tojda-zhalan-ayakh-bilep-zhyr-video-297003

Жанар не дейді?

Бұдан бұрынғы бір сұхбатында Жанар Айжанова жалғыз қызының әкесі туралы былай деген:

Айжұлдызымның әкесі Адайбек – түр десе түрі бар, өзіне сай жарасымды мінезі бар, батырларға тән аңғалдығы да бар, нағыз азамат еді, марқұм. Көшеде кетіп бара жатқан қыздар мойнын бұрмай, көзін салмай өтпейтін. Өзі күреспен айналысқандықтан дене бітімі де көз қызығарлықтай еді. Соның өзіне зорға қарадым. Адайбек соңымнан жылдар бойы жүгіріп, сеніміме кірді, сезімімді жаулады, азаматтық көрсетті, тұрақтылық танытты… Шын сүйетінін бірнеше рет дәлелдеп те берді.

 «Мен сенсіз өмір сүре алмаймын!» немесе «Сен өлсең мен де өлемін!» Өтірік… Мысалы, Адайбегім жер құшты, мен өмір сүріп жүрмін ғой. Сондықтан осындай сөздерді ұната бермеймін…

Әркімнің ішінде өзіне тән «жарасы» болады. Кейде Адайбекті ұмытқым келеді. Мені ренжіткен, көңіліме қаяу салған кездерін есіме түсіріп, сол арқылы оны ұмытып, одан суынайыншы деп ойлаймын. Бірақ ондай сүреңсіз сәттер ойыма оралмайды, өйткені ол бірде-бір рет мені ренжіткен емес. Ол өмірден әдемі болып өтті… Жолдасым қайтқанда ішімде қызы қалды…

Сырттан көргендер «Айжұлдыз сізден аумайды екен» деп жатады. Бірақ, жүріс-тұрысы, қылығы күннен-күнге Адайбектің көшірмесі болып келе жатқан сияқты.

Жалпы, Адайбек екеуміздің басымыздан өткізген оқиғалардан кітап жазуға болады. Пәк махаббат деген ұғымды сол арқылы ғана түсіндім, нағыз ер-азаматқа лайық шынайы махаббатын сыйлай білді. Одан кейін ешқандай еркекке иіле алмадым… Махаббатқа берік адамдардың қатарынанмын, Алланың берген сыйы ғой маған… Ол жағынан бақыттымын!

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз