Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Абу Даби Плазадағы төбелес: Министр осыған дейін айтылғандарды жоққа шығарды

Жұмысшылар кезекті ауысымнан шығып, бір топ болып ғимаратқа лап қойып, күзет бекетін қопара, баса-көктеп кірмек болған. Содан күзетші оларға ескерту жасап, арты дауға ұласады, ақыры Үндістан азаматтары күзетшіні ұрып-соққан. Бұл жерде тек күзетші ғана зардап шекті. Осымен бұл оқиға тынады. Бірақ таяқ жеген адам басқа күзетшілерге телефон арқылы шағымданады”, – дейді Қасымов.

Содан іс насырға шапқан.

“Жұмысшылар үйге кіріп бара жатқанда күзетшілердің бірі Үндістанның бір азаматын ұрып-соғады. Сосын сол жақтың тағы бір жерінде Үндістанның тағы екі азаматы соққыға жығылады. Оның ақыры үлкен төбелеске ұласады”, – деді министр.

Бұдан соң ашынған жұмысшылар жиналып, күзетшілерден кек қайтармақ болыпты.

“Үндістанның үш азаматы соққы көрген соң жұмысшылар кейін шегініп, күзетші отырған жерге тас лақтыра бастайды. Бұл қақтығыс сағат 19.30-да басталды. Бірақ күзеттегілер бұл туралы полицияға тек 20.05-те хабарлаған. Оқиға орнына жасақ барады.

Тілді білмей қалуы мүмкін деген проблема болған жоқ. Ағылшын тілін білетін арнайы топ келді. Себебі шетелдік жұмысшылардың ешқайсысы біздің тілді білмейді. Содан біз елшілікке хабарластық. Елшіліктегілерге рақмет, олар бізге үлкен көмек көрсетті. 25 минутта-ақ өздерінің өкілдерін жіберді. Консул келіп, бізге көмектесті”, – деді министр.

Көшеде Үндістанның екі азаматы соққыға жығылған. Кім ұрғаны белгісіз.

“Көшеде Үндістанның тағы екі азаматын ұрған. Бұл сағат 20.10-да және 20.20-да болды. Оларды кейіннен ауруханаға жеткізді. Біраздан соң көшеде барлығы жиналып қалды. Біз оларды бірден жауапкершілікке тарта алатын едік, бірақ біз прокуратураға олармен сөйлесуге мүмкіндік бердік. Қала прокуроры сөз сөйледі. Әкім де келіп сөйлесті. Бірақ Сіздер олардың өздерін қалай ұстағандарын көрдіңіздер. Адамдар тіпті көбейіп кетті. 56 адамды полиция бөлімшесіне жеткіздік, олармен сөйлестік. Тәртіп бұзғандарға қатысты материалдар дайындалып, сотқа жіберілді. 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды: 15 тәулікке, 10 тәулікке және 5 тәулікке. Сағат 21.45-те оқиға орнын тексере бастадық. Міне, болған жағдай осы. Үш қылмыстық іс қозғадық, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу бақылауда”, – деді Ішкі істер министрі.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз