Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Аблязов әдептілік туралы ұмытып, есірткіге тәуелді адамды өзінің саяси мақсатына пайдаланды

357
М. Аблязов. Сурет: btimes.ru

Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш президентінің немересі Айсұлтан өзінің Facebook-тегі парақшасында отбасы қысым көрсетіп жатқандықтан Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады деп бұған дейін «Собеседник» порталы жазған болатын.

Айсұлтанның аккаунтында оның атынан әлдекім «Газпром» мен компанияның қазақстандық өкілдерінің арасында жасалған шарт бойынша газды тиын-тебенге сатып алып, «аралық» фирма арқылы  1,5 млрд доллар пайда табады деп жазды.

Даулы мәселені көптеген британдық БАҚ іліп әкетті.

Ал беделді сарапшылар осындай ашық мойындау әрекетіне күмәнмен қарады

Орталық Азия бойынша маман Аркадий Дубновтың «Собеседникке» берген сұхбатына сәйкес: «Назарбаевтың немесесі  әшкерелеуші пікірлерімен бұған дейін де көзге түскен болатын. Ал оның Отбасындағы «инцест, қан араластыру» туралы ашық әңгімесі ауру адамның сандырағы ретінде қабылданды. Қазір ол көтеретін негізгі тақырыптар —  экономика, жемқорлық, қылмыстық ұйымдар. Бұған өзінің өзінің қатысы бар дейді. Бірақ менің ойымша, оның осындай күрделі экономикалық жұмыстарға араластырмайды. Сондықтан британдық «Таймс» секілді құрметті газеттің одан сұхбат алуға тырысқан әрекетін түсінбеймін. Нашақор адаммен қандай сұхбат өткізуге болады».

Дубновтың пікірі бойынша,

«Айсұлтанның бұрынғы ашық әңгімелерінен көптеген сарапшы қашқын олигарх Мұхтар Аблязовтың көлеңкесін көрген болатын

Назарбаевтың немересінің әрекеттері әшкере болғаннан кейін Аблязовтың өзі де видео жолдау жасап, онда Айсұлтан жазған посттағы мәліметті айна қатесіз қайталады. Бұл олардың арасындағы байланыс туралы сенімді күшейте түсті. Бірақ олар қазір әр қадамын аңдап басуда.

Дегенмен, сақтық шаралары ұзаққа бармады. Бірнеше күн бұрын Мұхтар Аблязовтың Фейсбуктегі парақшасында, оның аккаунтынан жазылған пост жарияланды: « Мен Айсұлтан Назарбаевпын. Менің парақшамда жазылған посттардың бәрін мен өзім жаздым. Менің бастамам бойынша, үшінші тараптың қатысуынсыз жарияланды. Ол менің акаунтым, менің ойым, менің талаптарым.

Пайдаланушылардың « аккаунттарды шатастырып алған жоқсыз ба» деген секілді пікірлерінен кейін Аблязов Айсұлтанның атынан жазған постын өшіріп тастады. Тіпті оның парақшасын бұзды деген секілді сылтауларды айтып жатпады.

Ендігі жерде ең күдікшіл адамдардың өзі Нұрсұлтан Назарбаевтың немересінің атынан жазылған “ашық” әңгімелердің артында кім тұрғанын түсінеді.

Бұрынғы банкир, серіктесін өлтіргені үшін Қазақстанда сырттай сотталған – Мұхтар Аблязов. Сондай-ақ қашқын бизнесменнің отанында, Ресей мен Украинада оны ірі қаржылық астыртын әрекеттерге барды деп айыптауда. Ал Франция саяси босқын деп, қылмыскерді берудан бас тартып отыр.

Белгілі жайттар бойынша Айсұлтан осындай әрекеттерге бара алмайды. Өткен жылдың күзінде Қазақстанның бұрынғы президентінің немересі полицияға шабуыл жасағаны үшін Лондонда шартты жазаға кесілген. Сынақ мерзімі мен айыпұл, қоғамдық жұмысқа  қоса, үкім бойынша ол есірткіге тәуелділігінен айырылуы керек еді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Айсұлтан Назарбаевтың барлық посты кейбір тұлғалардың қысымымен жазылған. Есірткіге тәуелділіктен арылып жатқан, адамның ашық әңгімелерін талқылаудың қажеті жоқ, – бұл әдепке жатпайды деді.

Дегенмен әркімнің ойы әртүрлі.

Қылмыс жасағаны үшін отанға қайтарып беру қаупі төніп тұрғанда, кейбір адамдар әдептілік туралы ұмытып, ақыл-есі дұрыс деп айтуға келмейтін адамды өзінің саяси мақсаттарына пайдаланады

Осындай аккаунтар арасындағы түсініксіз байланыс, постардың ауысып кетуінің нәтижесінде біз нені көріп отармыз:  құжаттарды бұрмалаушы, бүкіл әлем бойынша миллиард доллар ұрлаушы, адам өлтіргені үшін өмір бойы түрмеге қамау жазасына кесілген Мұхтар Аблязов

өзінің қылмыстық істерін жабу үшін, өз мүддесін күйттеп психикалық  дені сау емес адамды отбасына қарсы қойып отыр

Арсыз және адамгершілікке жатпайтын әрекет пе? Сөз жоқ, дегенмен… Адам өлтіріп, қолын қанға малған адамға Facebook-те жала жабу сипатындағы пост жазу сөз емес. Адамдық бейнеңді бір рет жоғалтсаң, оны қайта қалпына келтіру оңай болмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз