Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Абақтыдан айыппұл төлеп құтылмақ

Сот алқасы сотталған Қанат Сұлтанбеков, Гиля Смоленски, Мбэрэкрэхим Габдул-Кабиров пен Мұхтар Қарабековтерге қатысты 2017 жылғы 29 қараша айындағы мамандандырылған ауданаралық әскери сотының шешімін өзгертті.

Жекелей алғанда, Қанат Сұлтанбеков пен Гиль Смоленскилерге қатысты шығарылған қамауға алыну туралы шешім тоқтатылып, оның орнына ақшалай сыйақы түріндегі айыппұл тағайындалған.

Мәселен, Сұлтанбеков 2 млрд 139 млн 500 мың көлеміндегі айыппұл төлеуге тиіс болған.

Іске қатысы бар Израиль азаматы Гиль Смолински де 500 млн-нан астам айыппұл төлеп, өз айыбын жууға мүмкіндік алған.

Есімі аталған екеуін жуық арада қамаудан босатпақ.

Мбэрэкрэхим Габдул-Кабировтың жазасын да жеңілдеткен.

Еске салсақ, Қанат Сұлтанбеков өткен жылдың ақпан айында жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ұсталған еді.

Бұл қылмысы үшін оны 10 жылға қатаң режимдегі жаза тағайындалған. Ол өзі кінәсін мойындап, тіпті ақшаның 10 млн теңге және 300 мың доллар көлеміндегі бір бөлігін қайтарып берген болатын.

Сұлтанбеков 2015 жылдың сәуір айынан бастап “Қазақстан Инжиниринг” ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.

Әр түрлі жылдары Алматы және Астана әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз