Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі алаяқтықтың жаңа бір тәсілі туралы ескерту жасады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т. б.) арқылы жалған аккаунттар құрып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайтын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді», – делінген хабарламада.
Антикор жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырады. Осындай жағдайларға кездескен кезде, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды.