Абай облысында 74 жастағы зейнеткер Сембай Тұраров із-түзсіз жоғалып кетті. Ол 21 мамыр күні үйінен шығып, содан бері оралмаған. Полиция мәліметінше, қария Мақаншы ауылының тұрғыны. Қазіргі таңда оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр: ауыл іші, маңайдағы орман алқаптары мен жол бойлары тексерілуде.
Құқық қорғау органдары тұрғындардан көмек сұрайды. Егер жоғалған адам туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне немесе Мақаншы аудандық полиция бөліміне хабарлауға болады:
8 (722) 394-12-78. Барлық келіп түскен ақпарат құпия сақталады.