Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Абаев үйден еш себепсіз шыққандарға қандай жаза қолданылатын айтты

153
Сурет: КТК

Шенеунік үйден аса қажеттіліксіз шыққандарға ескерту жасалатынын немесе 26,5 мың теңге айыппұл салынатынын атап өтті. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуға, сондай-ақ жұмысқа (кейбір кәсіби сала мамандарына ғана) баруға рұқсат етіледі.

«Қоғамдық көліктерде, таксиде, сондай-ақ жеткізу қызметтерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтау үшін циркуляр жасалады. Кеше айтылғандай бүгін түнгі 00:00-ден бастап үйден шығуға тыйым салынады. Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға  немесе  жұмысқа бару шығу үшін шығуға болады. Сонымен бірге 30 наурыздан бастап мекемелерден басым көпшілігі жұмысын тоқтатады», —деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ ол полиция қызметкерлері азаматтардың неліктен көшеге шыққанын сұрауы мүмкін екенін айтты.

«Көшеде полиция қызметкерлері тоқтатып, қайда бара жатқаныңызды сұраса түсіністік танытып, жауап беру керек. Жұмысқа шақырғанды растау үшін сізде тікелей басшының немесе кадр бөлімі қызметкерлерінің телефон нөмірлері болған жөн. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар әдетте тұрғын үйлерге жақын орналасады. Сондықтан полиция қызметкерлері азаматтардың қажетті затын сатып алып, үйге қайтқанын бақылауы мүмкін. Оған да түсіністік таныту керек», — деді  министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз