Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ақжүніс” бағдарламасын жүргізген Сəуле Əбединова Қыдырәлі Болмановтың бірінші әйелі болған ба?

1849

“Əйел бақыты” бағдарламасына “Ақжүніс” бағдарламасын жүргізген Сəуле Əбединова қонаққа келгенде Лəйлә Сұлтанқызы оған “Сіз Қыдырәлі Болмановтың бірінші əйелі деген сөз бар” деп сұрақ қойды. Сол қаншалықты рас? Аға, сізді көбі Қарақатқа дейін үйленген болатын деп айтады. Осы сұраққа өз аузыңыздан жауап естісек. “Әйел бақытында” Сәуле ханым келгенде сіз сол кісінің бірінші күйеуі деп көп айтылған болатын” дейді желі қолданушысының бірі.

Мұны естіген Болманов бұған бірден жауап қатуды жөн көріпті.

“Өсек-аяң теріп, оны шығаратындар – өте үлкен күнә жинаушылар. Әйел адамның бөтен еркекке сұрақ қоюға, жөн сілтеуге ешқандай қақысы жоқ. Мен еркекпін. Тоқал алғым келсе ешкімнен сұрамаймын. Алғым келмесе, маған ешкім қинап алдыра алмайды. Намысым да, сөзім де кесек. 25 жыл көз алдыларыңызда өсіп келемін, ТВ-дан түскен емеспін, менің жылтырбет, ұрланып жүрмейтін еркек екенімді санаңыз арқылы сараптасаңыз көзіңіз әбден жетіп тұр! Сондықтан менің жеке өмірімде, жанұямда шаруаларыңыз болмасын!

Көзіңізді ашып қарасаңыз, сүмелек еркек емес екенім маңдайымда жазылып тұрған жоқ па? Жалпы, 10 бәленің 9-ы тілден дейді. Өз өмірлеріңізбен айналысыңыздар! Аллаға сансыз мадақ. Қыдырәлі Болманов өз еңбегімен, білімімен, ақылымен, Алланың қалауымен Қарақатын тапты. Өмірден өз жолын тапты! Намысты, қуатты, қайсар, өз ұлтына адал, қазақ тарихында болмаған, әлемде аналогы жоқ бірнеше жобаны іске асырған, ауылда туып-өскен қазақтың қара баласы!” дейді Қыдырәлі Болманов.

Мұнымен қатар, тағы бір желі қолданушысы продюсердің тастанды бала-шағасы бар екенін жайып салыпты. Болмановтың бұл сауалға да жауабы әзір болып шыққан.

“Менде өзім тастап кеткен бала-шаға жоқ! Алғашқы ақ некелі жарым да Қарақат! Жаңағы Сәуле, Ләйләлардың әңгімесіне еш қатысым жоқ. Жалпы ниеттері қисықтау адамдарды өшіріп отыру – бізде заңдылық. Негативті қандай түрде болмасын жек көреміз. Аман болыңыздар”, – дейді ол.

novyy-kollazh-17

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз