Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Ақышев пен Жақсыбеков Айсұлтанмен соттаса ма, қызметімен қоштаса ма?

101

Бұл — 2015 жылғы желтоқсанда ҚР президентінің Жарлығымен қабылданған мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексінде көрсетілген талап.

 

Айсұлтанның аузын кім “жаба” алады?

Александр Каплан. Фото: facebook

— Мемлекеттік қызмет туралы Кодекс шенеунікті көпшілік алдында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәртіп бұзушылық жасады деп негізсіз тағылған айыптауларды бір ай ішінде теріске шығару бойынша шаралар қолдануға міндеттейді, — дейді заңгер Александр Каплан. — Ендеше, Ақышев пен Жақсыбеков айтылған тағылған айыптарды теріске шығаруды талап етіп, сотқа шағым түсіруі керек.

— Айсұлтан Назарбаевтың постында аты аталған қалған екі шенді — Өтемұратов пен Тасмағамбетов те солай істеуі керек пе?

— Әдеп кодексі тек мемлекеттік қызметшілерге ғана қатысты, ал Өтемұратов олардың қатарына жатпайды.

Екіншіден, Тасмағамбетовке сыбайлас жемқорлыққа қатысты айып тағылған жоқ. Егер Кодексті мұқият оқысаңыз, онда тек сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауларды теріске шығару міндеттелген, ал қалғаны мемқызметшінің өз еркінде.

— Сонда олардың абыройына нұқсан келтірілген жоқ па?

— Әлбетте, олардың абыройына, атақ-беделіне нұқсан келтірілді, сондықтан олар да сотқа шағымдана алады. Бірақ Кодекс оған міндеттемейді.

— Ал егер Ақышев пен Жақсыбеков сот шағымданбаса және көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етпесе ше?

— Егер

үкімет құрамындағы шенділер өз абыройын қорғамаса, онда олар жанама түрде болса да, өз кінәсін мойындады деген сөз

— Олардың осындай даулы әрі күрделі жағдайдан шығуының тағы қандай жолдары бар?

— Не олар қызметтен өз еріктерімен кетеді, не олардың ісімен Мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі министрлік айналысады. Десек те, бұл қарапайым мәселе емес. Айсұлтан Назарбаевтың Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында нақты фактілер көрсетілмеген, ол өз пікірін жалпылама сөздермен жеткізген. Ал мұндай нақтылығы жоқ жалпылама тұжырымдар негізінде тексерулер жүргізілмейді. Тіпті оны Айсұлтан сияқты Қазақстандағы “тегін емес” адам айтса да

кез-келген тексеру жүргізу үшін нақты фактілер, яғни, дәйектер қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз