Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақша не істетпейді. Астаналық азамат үйін казиноға айналдырған

Астана полициясы құмар ойындар өткізілетін пәтерді анықтады: үй жағдайында ұйымдастырылған “казиноға” келушілер ақша тігіп покер, ойнайды екен деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззат Бисембаева.

Полицейлер пәтерге кіріп келгенде, онда 31 және 38 жастағы екі ойыншы болған. Пәтердің иесі және казино ұйымдастырушысы – 47 жастағы Ш. деген азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігі, яғни “Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру” бойынша жауапқа тартылып, оған 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе сондай мөлшерде түзету жұмысын орындау, не 2 жылға бас бостандығынан айыру, не 2 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу жазасына кесіледі.

Покер ойыншылары да ҚР Әлеуметтік әкімшілік кодекстің 444-бабы 1-бөлігі, яғни “Құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру” бойынша жауапқа тартылады. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен 38 жастағы ойыншыға 200 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды.

31 жастағы ойыншыға қатысты дерек Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Қазақстанда құмар ойындарын өткізуге арнайы бөлінген жерлерде ғана рұқсат беріледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз