Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақмола облысында жалғызбасты әйелдерді зорлап келген күдікті ұсталды

Өткен жылы 29-тамызда Жақсы ауылында үй өртенді. Өртті сөндіру кезінде үй иесі мен оның 1 және 2 жастағы қыздарының денелері табылды. Сот-медициналық сараптамасы мерт болған әйелді зорлап, кейіннен өлтірген деген қорытынды шығарды. Ал, балалары газ уынан көз жұмған.

Қылмысқа қатысты мерт болған әйелдің сыныптасы, 19 жастағы жергілікті тұрғын күдікке ілінді. Ол сыныптас қызының үйіне шақырусыз келгенін мойындады. Сыныптасы балаларын ұйықтатып келген соң екеуі ішімдік ішкен. Кейін ол сыныптас қызын бас салып, зорлайды. Сыныптасы бұл туралы полицияға арызданатынын айтқан соң, күдікті оны пышақтап, кетер алдында үй есігіне арақ құйып, от тұтатып кетеді.

Тергеу барысында күдіктінің 2014 жылы әйел зорлағаны үшін істі болғаны анықталды. Ол жалғызбасты әйелдердің үйіне түнгі уақытта кіріп, ұрып-соғып зорлап отырған. Алайда, ол кезде 17 жаста болғандықтан сот оны бір жылға ғана бас бостандығынан айырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз