Ақмола облысының Жарқайың ауданында 19 жастағы бозбала із-түзсіз жоғалып кетті.
Қазір оны облыстық полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері іздестіріп жатыр.
Төтеншеліктердің мəліметі бойынша, жігіт 2017 жылғы 1 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Державинск қаласындағы теміржол вокзалынан шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған.
«Іздестіру шараларына аудандық ішкі істер басқармасының жеке құрамы, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, №6636 əскери бөлімнің 2-ші атқыштар батальоны мен іздеуге ерік білдіргендер тартылуда. Кешегі күні іздестіру жұмыстары еш нəтиже бермеді, бүгін іздеу қайта жалғасатын болады», – деп түсіндірді баспасөз қызметінен.