Бүгін Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысында Экономика бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев аталған топтың жиынында айтылған пікірлермен бөлісті.
Бұдан бөлек, жұмыс тобының жетекшісі ауылдық мекендердің қажеттілігі мен болашақта даму көлемін болжай отырып, әрбір елді мекен бойынша жайылымдардың керекті көлемін анықтап, соны бекітуді ұсынды.
«Өйткені, бұл жер көлемі елді мекендердің жайылымдары. Ол жайылымдар бойынша жалға бермеу керек, сатуға да тыйым салу керек. Жайылымдар тек мемлекеттің құзырында қалуы тиіс. Біздің ұсынысымыз осындай», – деді ол.