Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ә.Исекешев елордада сүрілген ескі үйлердің орнына не салынатынын айтты

«Бүгінде елордамыз Қазақстандағы саяси, мәдени және іскер қалалардың бірі. Әлем бойынша да жас, тез дамып келе жатқан астаналардың қатарында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қазір Астананы табысты, жаһандық қалаға айналдыру бойынша жұмыс жасап келеміз», – деп атап өтті форумды ашқан қала басшысы.

Сонымен қатар ол қалада сүрілетін ескі үйлердің орнына не салынатындығын айтып берді.

«Біз ескі үйлерді сүре бастадық және қалалықтардан сол орындардан не көргілері келетіндігін сұраған едік. Әдетте ол жерлерге жаңа үй салынатын. Қаланың ескі бөлігінің тұрғындары шағын саябақ, шағын гүлбақтары, балалар алаңдары мен спорттық құрылғылардың болғанын қалайды екен. Біз аталған барлық қажеттіліктерді топтастыратын қоғамдық кеңістіктер құра бастадық», – деді Әсет Исекешев.

Қала басшысының айтуынша, ағымдағы жылы сүрілген ескі үйлердің орнына 19 саябақ құрылысы басталатын болады. Оның 10-ының құрылысын осы жылы аяқталмақ. Сейфуллин көшесінің бас бағындағы мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған үйлердің ауласына спорттық балалар алаңы салынған.

«Ақбұлақ өзенінің бойында үлкен шұңқыр болған еді. Ағымдағы жылы біз оны жауып, әп-әдемі саябақ жасадық. Тұрғындар риза», – деді елорда әкімі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз