Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
451
-1.90
EUR
506
-2.63
RUB
5.45
-0.03

Павлодарда сұлулық салонына барған әйелдің терісі күйіп, 127 мың теңгесі әрең қайтарылды

Клиенттің айтуынша, алғашқы процедураны жасаған әйел кейін салонның қызметкері емес екені анықталған. Осы жағдайдан кейін ол салон әкімшілігіне сотқа дейінгі талап жолдап, келісімшартты бұзуды, пайдаланылмаған қызметтер үшін 127 мың теңгені қайтаруды және денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді талап еткен.

Алайда салон әкімшілігі келісімшартты бұзу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан. Осыдан кейін әйелге Павлодар облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары көмек көрсеткен.

«Салон клиенттің келісімшартты бұзу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты. Біздің мамандар оған құқықтық көмек көрсетіп, туындаған дауды реттеуге жәрдемдесті», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Нәтижесінде екі тарап өзара келісімге келіп, салон клиентке пайдаланылмаған қызметтер үшін талап еткен 127 мың теңгесін қайтарып берген.

Осы жағдайға байланысты департамент тұрғындарға косметологиялық қызметтерді таңдағанда мұқият болуға кеңес берді. Мамандар қызметтің шарттарын алдын ала зерделеп, салон туралы ақпаратты тексерудің маңызын еске салды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз